Қазақстан • 02 Ақпан, 2018

Кадрдың қадірі жоқ

359 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ойлантпай қоймайтын тақырып. Болашақ жастардікі. Өз ұрпағыңның сауатты да саламатты, іскер де білікті болғанын қалайсың. Алаңдайсың. Ойланасың. Бүгінгі өмір тынысына көз жүгіртесің, сарапқа саласың.

Кадрдың қадірі жоқ

Кадрлық резерв. Бұл сонау бір қайта айналып келмеске кеткен кеңестік дәуірдегі талап-тәжірибе болатын. Жарайды. Сол бір дәуір мен кезең өтті-кетті. Сұрақ туындайды: сонымен бәрі бітті ме, жақсы да, жаман да тұм­шаланып бәрі де Кеңес Ода­ғымен бірге кетті ме? Жоқ әл­де кейбір озығын пайдаланып, ал тозығын қоқыс жәшігіне тас­тап жібере саламыз ба? Өткенге тіп­тен, ада-күде түңіле қарауға бол­майтын да шығар бәлкім. Сон­да мені қандай мәселелер мазалап, не айтпақ ойда отырмын?

Айталық сол «кадрлық резерв» тұсында бір мекемеге бас­шы етіп тағайындау үшін кемін­де екі-үш қызметкер ма­­ман­дығына сәйкес алдын ала ре­зервке қойылатын да, ен­дігі бо­­лашақ басшылар міне, со­лар­­дың арасынан іріктелетін. Таң­­­далатын, талқыланатын. Таң­­дау­ға – іскерлік, біліктілік, жау­ап­кершілік жататын да, ал тал­қылауға – оның мінез-құл­қы мен мәдениеті, тіптен көр­ші­­сімен арақатынасына дейін са­рап­қа салынатын.

Өз басым бұл сияқты іс-тә­жірибелердің ешқандай да то­зы­ғы жоқ деп есептеймін, ке­рісінше өмір­шең, қай дәуір, қа­й кезеңге болса да керек талап, қажет тә­жірибе екені сөзсіз. Осы­ның бә­рін ой елегінен өткізе оты­рып, кешегі мен бүгінгі ма­ман­дар­ды қатар қоя көз жүгі­р­темін, сөй­темін де оларға жан-жақты зер сала қараймын. Сөз саптауы мен түй­сік-таным, пайымдауы мен ой жүйелеу қабілетін таразыға саламын.

Телефон шырылдайды. Труб­ка­ны көтерсең, арғы жа­ғын­­дағы ау­дан әкіміндегі жас ма­­ман: «Сіз­ді әкім шақы­рып жа­­тыр», де­генді айтады. «Не мә­се­­леге қа­­т­ысты ша­қыр­ды екен, қа­ра­ғым?» деген сұрағыңа: «Біл­мей­мін, келсеңізші!» деумен ғана шек­­теледі әлгі қызметкер. Ал ай­­тылған жерге барсаң се­ми­нар, не болмаса актив жи­­ыны өтіп жа­та­ды. Осыдан соң кеңестік дә­у­ір­дегі осындай шақырулар мен ша­қыр­ту­шы­лардың әдебін еске алу­ы­ңа тура келеді.

«Саламатсыз ба, бұл ау­дан­дық партия комитетінің нұс­қ­а­у­­шысы пәленшемін, сіз­ді ау­дан­­дық партия коми­теті ертең са­ғат пәлендей уа­қыт­та өтетін жи­­налысқа ша­­қы­рады. Күн тәр­ті­бінде, мы­­надай мәселе қара­ла­ды», деп бүге-шігесіне дейін жеткі­­зеді де, тағы да «Айтылған уа­қыт­­­тан 10-15 минут бұрын зал­ға кіріп отыруыңызды өті­неміз», деген ескертпесін де айтады.

Мұндағы сауаттылық пен іс­кер­лік қайда жатыр дейсіздер ғой. Бірінші кезекте өткізілетін іс-шараны бір күн бұрын әрі оның қай тақырыпта өткізілетіндігі жай­лы айтып түсіндірілуінде. Бұл деген сөз – әдеп, мәдениет, іс­­керлік. Неге? Себебі сіз жина­лыс­­тың күн тәртібін білгеннен соң сол мәселеге жан-жақты әзір­­леніп барасыз. Сұрақ болса мү­­дір­мейсіз. Бәлкім қосып айтар ортақ ойыңыз да бар шығар. 

Бірде, бірде болғанда көп емес, осыдан шамалы ғана уа­қыт бұрын аудандық қоғам­дық кеңеске есеп беруге келген ау­дан әкімдігінің дербес бө­лі­мі­не жататын жерге қа­тыс­ты біл­дей бір мекеменің жа­ңа­дан сайланған басшысы қо­ғам­­дық кеңес мүшелерінің ау­дан­д­ағы жекеменшік жайылым кө­­леміне байланысты қойған сұ­рағына жауап бере алмай қал­ды. Мұнысымен тұрмай, қо­лын­дағы жазбаға аудандағы ауыл әкім­­діктерінің толық санын көр­се­тіп жаза алмағаны үшін тағы қысылды.

Бұл сонда қандай жауап­ты­лық, қандай сауаттылық, қандай білік­тілік пен іскер­лік­ке жатады? Ол төмен қа­рап қағаз шұқылап тұр­­ған­да біз­дердің көз алдымыз­дан Қазақстан Республикасы мем­­­ле­кеттік қызметшілерінің әдеп кодексіндегі: «Қызметтік мін­­­деттерін тиімді атқару үшін өзі­нің кәсіби деңгейі мен бі­лік­ті­лігін арттыруға...», деп нақпа-нақ айтылған сөйлем жолдары біртіндеп өтіп жатты. Ал қо­ғамдық кеңестің осы отырысы­на қатысып отыр­ған аудан әкі­мінің орын­ба­са­ры болса әлгі қыз­мет­кер жі­бер­ген олқылықтың орнын тол­ты­румен әлекке түсті.

Жастар – ел болашағы деп, олар­дың іскерлігі мен жауап­кер­шілігі жайлы ойлап, үміт арт­ып отыр­ған тұста небәрі 60 мың­ға же­тер-жетпес ғана халық тұ­ра­тын ауданда бір жылдың ішін­де екі бірдей қызметкер пара­мен ұсталып, жауапты болды. Ал­дыңғы буын ағаларды осы мә­селе ойлантпайды ғой дей­сіз бе? Санаңа соққы. Осын­дай­да Елбасы Нұрсұлтан Назар­ба­евтың «Оқытасың. Жағдай ж­а­сай­сың. Мәпелеп өсіресің. Ал кей­бір жас кадр-
ларымыз болса бұ­рыс кетіп, ұятқа қалдырады», де­ген өкініші есіңе түсіп, сай-сүйе­гің сырқырайды. Неге олай? Бойыңды тағы да сарсаң би­лейді. Баяғы «кадрлық резерв» мәселесі еске түседі.

Серікбай ТҰРЖАН, 
ардагер журналист

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Бәйдібек ауданы