Қазақстан • 04 Ақпан, 2018

Қалалықтарды балабақшаға кезек алу мәселесі көбірек толғандырады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Оқушылар сарайында Астана қалалық білім басқармасы «Ашық есік күні» форматымен азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді.  Ашық күннің қорытындысы бойынша, ең өзекті мәселе болып мектепке дейінгі мекемеге кезек пен жолдама алу екені анықталды. Өйткені, 70%-дан аса азамат жолдама бойынша жүгінген, деп хабарлайды Астана әкімдігінің Білім басқармасы. 

Қалалықтарды балабақшаға кезек алу мәселесі көбірек толғандырады

Іс-шара барысында 80 арыз-шағымға жауап берілді. Одан бөлек, өздері келе алмаған тұрғындардың электронды түрде жолдаған жолдамаларына да қызмет көрсетілді. 

«Іс-шараны жоспарлау кезінде біз қоғам мен басқарма арасындағы «ашық диалог алаңын» құруды басшылыққа алдық. Өзекті мәселелерді талқылай отырып, қалалықтардың пікірін біліп, жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын, бүгінгі ұсыныстардың негізінде соған  сәйкес болашақта атқарылатын істердің  тұжырымын жасау. Мұндай шараны жылына бірнеше рет өткізуді жоспарлап отырмыз», деді Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин. 

Басқарманың мәліметінше, қоғамдық қабылдау кезінде балабақшаға жолдама алу мен кезек мәселесі тұрғындарды көбірек толғандырған. Сондай-ақ ата-аналар мектеп пен колледжге түсу, тамақтану мәселесі, білім мекемелеріндегі әлеуметтік көмек пен балалардың факультативтік және үйірме сабақтарымен айналысу мәселесі де қызықтырған.

Соңғы жаңалықтар