Алыстағы ауылдарға байланыс қашан жетеді?

Бүгінде жұрт әлемнің әр түкпірінен бір-бірімен ұялы байланысқа шығып, телефоннан тіпті бір-бірін көріп отыр. Ал Баянауыл тауының баурайындағы ауылдар байланыс аясынан тыс жерде қалып барады.  

Егемен Қазақстан
05.02.2018 1286
2

Бүгінде Баянауылдың жаз­­ғы-қысқы туризм әлеуеті таң­ғаларлықтай. Шағын авиа­ция­ға арналған аэродром да салынып жатыр. Инфрақұрылым дегеніңіз керемет, аудан бойын­ша 45 шақырымға жарық­тандыру желісі тартылып, 1700 жарық бағана орнатылып, 2000-нан астам шам қойылыпты. Турис­терді қарсы алуға дайын. Алайда ұялы байланыс аясынан тыс қалған ауылдар ренішті.

Көзбен көргенімізді айтайық. Біз жолсапармен барғанымызда Ақсаң ауылы ұялы бай­­ланысқа да, кең жолақты интернетке­ де қосылмағанына куә болдық. Ауыл аудан орталығының ірге­сінде орналасқан, 1 мың­­ға жуық халық тұрады. Дәл жа­нында Мыр­за­шоқы деген шаң­ғы кешені салынып жатыр. Бұл құрылысқа 350 миллион теңге жұм­салған көрінеді. Ауылдықтардың айтуынша, Мырзашоқы тауына дейін қосымша электр жүйесі тартылыпты. Ал Ақсаңда қыс ай­ла­рында, тіпті жазда да электр жарығы тәу­ліктеп сөніп қала береді. Сондықтан тұр­ғындар биліктен қосалқы станса орнатып беруд­і сұрап отыр.

Аудандық тұрғын үй-ком­­му­­налдық ша­руа­шылық бө­лімінің мәліметінше, ұялы байланыстың тартылмауына себеп – ауыл­дардағы тұрғындар санының азаюы. Халық саны 500-ден асқанда ұялы байланыс желісі орнатылады.

– Байланыс жоқ емес, бар. Барлық ауылда­ бұ­рыннан бері тартыл­ған үй телефондары қосылулы,– дейді олар.

Ауылдардың халқы ұялы байланысқа қосылу жайлы өті­ні­штерін Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне де жолдаған. Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшілері де мәселе көтерген. Нәтижесінде өткен жылы ауданда «КаР-Тел» ЖШС Beeline ұялы байланыс желісін тартуды бас­тапты. Қазір аудандағы 38 ауылдың 31-і ұялы байланысқа қосылыпты. Шалғайдағы Құндыкөл және Жұмат Шанин ауылдарына енді ұялы телефон арқылы ха­бар­ласа аласыз. Қаражар, Бір­жанкөл, Көкдомбақ, Қойтас, Ақши, Ұзынбұлақтың Ақшиі, Мыңбұлақ ауылдарын байланысқа қосу үшін ұя­лы телефон операторларына қосымша хат жолданыпты. Жаңажол, Желтау, Күркелі ауылдық округтері де ұялы байланыстың қосылуын асыға күтуде. Бұл жерлерде аудан бойынша мал бағатын 444 шаруа қожалығы, 25 отарлы мал фермасы бар.

Ауыл халқы алыстағы ағайын, студент­ балаларымен байланысу үшін ұялы теле­фонның қолайлы екенін айтады. Заманға сай өзге елдерден қал­ғылары келмейді. Озық уақыттың озық жаңалығы ауыл­ға да қолжетімді болса дейді. Ал билік қарапайым ауыл хал­қының туған жердің тау-тасын, көлдерін сақтап, туризм өркен­дейтін аумақта тұрып жатқанын ескерсе игі.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

22.01.2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

22.01.2019

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

22.01.2019

«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

22.01.2019

Сегіз каратэшіміз Парижде күш сынасады

22.01.2019

Руслан Дәленов: Шағын несие көлемі ұлғаяды

22.01.2019

2018 жылы Қытайдағы бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

22.01.2019

Солтүстік Қазақстан бишілері халықаралық байқауда бас жүлдені олжалады

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда екі мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылады

22.01.2019

Үздіктер қатарында жүрген қазақстандық боксшылар кімдер?

22.01.2019

Ел аумағынан 28 шетелдік шығарылды

22.01.2019

Солтүстік Қазақстанда әкімшілік қызметкерлері пара алуға бейім

22.01.2019

Давоста дүниежүзілік экономикалық форум басталды

22.01.2019

М. Әбілқасымова: Микрокредит жастар арасында да сұранысқа ие

22.01.2019

Астана станциясының өткізу қабілетін ұзартылған «иін» арттырды

22.01.2019

Екібастұз ГРЭС 1 2018 жылды қуаттың рекордтық көрсеткіштерімен аяқтады

22.01.2019

«Нұрлы жер» арқылы салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен берілуі мүмкін

22.01.2019

Жұмыссыз xалыққа микрокредит беру жүзеге асырылып жатыр

22.01.2019

Оралда онколог дәрігерлер қауіпті дерттің қатерін ескертті

22.01.2019

Жетісу кәсіпкерлерінің өтініші жерде қалмайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу