Қазақстан • 06 Ақпан, 2018

Еуразия ұлттық университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды

377 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Таяуда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан та­рих­шыларының V ұлттық конгресі өтіп, онда Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды. Конгреске рес­пуб­ликамыздың тарих, гуманитарлық ғылымдар саласының көрнекті өкіл­де­рі, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар шетелдік қонақтар қа­тысты.

Еуразия ұлттық университетінде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды

Жалпы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуел­сіздік дәуірі» атты еңбегі қоғамда, соның ішінде кәсіби тарихшылар мен гума­ни­тарлық сала мамандарының үлкен рухани сілкінісін туғызды. Осы арнада ұлттық ру­хани өрлеу және қоғамдық сананың жаң­ғыру мәселелері, білім беру ісі және тарих ғылымының өзекті мәселелерін талдау, архивтер мен музейлердің жұмысын жа­ңа сапалық деңгейге көтеру, ұлттық тарих контексіндегі жоғары оқу орындары мен мектеп оқулықтарының мазмұндық жағ­дайын жақсарту басты назарда болмақ.

Ғылыми форумның пленарлық отыры­сында сөз сөйлегендер де кітаптың осын­дай түйінді кезеңдеріне тоқталды. Мем­ле­кет басшысы өзінің жаңа кітабында Қазақ­стан­­ның тәуелсіздік жылдарындағы тарихын публицистикалық жанрда баяндап, елі­міздің қазіргі уақыттағы жетістіктеріне қалай қол жеткізгенін өте айшықты тілмен же­т­кізген. Мәселен, жаңа санаттағы мем­ле­­­кеттік құрылыстың негіздерінің қа­ла­нуы, қоғамның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық және саяси тұрғыда жаңғыруы, ру­­хани өрістегі түбегейлі өзгерістер, жа­ңа астананың салынуы, сыртқы саясатты түзу, қандастарымызды елге қайтару сын­ды өзекті тақырыптар өз уақытында өр­некті айтылған.

­Алқалы жиынға З.Қабылдинов, Б.Жапаров, Ә.Рақымжанов, М.Ескендіров, М.Кемел, Е.Әбіл, Б.Әбдіғалиұлы, Т.Садықов сынды ғалымдар қатысып, баяндама жасады. Олар гуманитарлық білім беру негіздері күшейген қазіргі за­ман­ның даму жағдайында білім мен ғы­лым­ның бірегейлігін және қоғамдағы тарих ғы­лымының рөлінің қарқынды тұрғыда өрл­е­у­ін ерекше атап өтті.

Шәкәрім атындағы Семей  мемлекет­тік универ­си­тетінің ректоры Мейір Ескенді­ров­тің баян­дамасында айтыл­ғандай, ке­зінде бү­гінгі Түркия мемлекетінің ірге­та­сын қа­лаған Ататүрік тарихи зерттеулерде объек­тивтілік қағидасын ұстанудың ма­­ңыз­­дылығын «Тарихты жазу, тарихты жасаудай маңызды. Жазған Жасағанға адал болмаса, өзгермейтін ақиқат адамды таңғалдыратын сипат алады» деген сөз­дерімен түсіндірген. Ататүріктің осы аксиомасы Ұлы Дала кеңістігінде Елба­сының еңбегімен дəлелденуде. Атал­ған іргелі еңбекте мемлекетшілдік ұста­ным, елдік сана, ұлттық рух ұтымды үй­лес­ім тап­қан. Қазақстанның тəуелсіздік ше­жір­есіне көз жүгірткен əр адамға бұл кітап жол бастаушы болары сөзсіз, деді ғалым М.Ескендіров.

Келелі кеңес өзара келісе келе жиын соңын­да Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабындағы негізгі қағидаттарын бас­шы­лыққа ала отырып, қоғамдық сана­ны жаңғыртуды және ұлттық рухани өрлеуді нақты жүзеге асыру, ұлттық код­ты қайта өрістету, қасиетті орындар ба­ғы­тындағы зерттеулерді, өлкетану мен архив жұмыстарын күшейту және отан­дық тарих ғылымы мен білімін дамыта жетілдіру мақсатында, жалпы ғы­лыми жә­не қолданбалық-бағыттама ұста­ны­м­да­рын келістіре өз ұсыныстарын тү­зіп, қарар қабылдады.

Атап айтқанда, Білім және ғылым министрлігіне және еліміздің білім беру саласындағы мемлекеттік меке­ме­леріне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Т­әуелсіздік дәуірі» кіта­бын мектептер­де, колледждерде және жо­ғары оқу орындарында міндетті оқыту жүйе­сіне енгізу, «Қазақстанның қазіргі за­ман тарихы» оқулықтарының авторла­ры­на атал­ған кітап бойынша дербес параграф­тар қосуға, Мәдениет және спорт министрлігіне Президенттің жаңа кіт­абын БҰҰ тілдеріне аударуға ұсыныс жасады. Сонымен қатар Сыртқы істер ми­нистрлігіне шетелдерде бұл кітаптың тұсаукесер рәсімдерін өткізу, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына кітаптың тұсаукесерін қазақ диаспорасы жинақы тұратын жерлерінде өткізу ұсынылды.

Мұның сыртында ел тұрғындарының барлық әлеуметтік топтарына аталған кі­тапты оқытып-игерту, насихаттау және оның теориялық мағынасын түсіндіру мақ­сатында үкіметтік емес ұйымдарға әлеу­­меттік жобалар беру, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына аталған кітаптың не­гізгі маз­мұны бойынша жоғары сынып оқу­шы­ларына, студенттерге, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, архив­тер, му­зейлер және гуманитарлық ба­ғыт­тағы ҒЗО қызметкерлеріне, ЖОО оқы­­ту­шыларына оқыту семинарларын ұйым­дас­тыру және өткізу жайы да күн тәртібіне көшсе деген тілек айтылды.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар