Қазақстан • 06 Ақпан, 2018

Астана әкімдігінде мүгедек баланы алып жүрушіге де жеңілдік беретін жолақысын ұсынды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл ұсыныс қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында айтылды. Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүрушіні де жолақысын төлеуден босатуды ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана әкімдігінде мүгедек баланы алып жүрушіге де жеңілдік беретін жолақысын ұсынды

«Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулысына сәйкес, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік-мәдени даму мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүретін адамдарға да жеңілдік жасайтын жолақы ұсыну мүмкіндігін зерттеуді ұсынды. Осыған байланысты, мүгедек баланың ата-анасының біреуіне тегін жол жүру құқығын беру қарастырылуда», – деп мәлімдеді Артем Әбілдинов. 

Қоғамдық кеңестің қатысушылары жобаны бірауыздан қолдап, мақұлдады. 

Естеріңізге сала кетейік, арнаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізілуіне байланысты, алынып тасталған арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар да осы тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі. 

Соңғы жаңалықтар