Қазақстан • 07 Ақпан, 2018

Дархан Қыдырəлі: былтыр "Егемен" сайтындағы газет материалдары 12 млн рет оқылған

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық Коммуникациялар қызметінде "Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырəлі 2017 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2018 жылға арналған даму бағыттары туралы баспасөз конференциясы өтіп жатыр. 

Дархан Қыдырəлі: былтыр "Егемен" сайтындағы газет материалдары  12 млн рет оқылған

Конференция барысында Дархан Қыдырəлі газет порталы да сапалық және сандық өзгерістерге ұшырағанын атап өтті. "Дербес редакция ретінде тіркелген сайтымыз латын және төте жазу нұсқасымен бірге, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат таратуды қолға алды. Сондай-ақ халықаралық жаңалықтардың үлесі артты. Аудио мақала қосылды" дей келе Басқарма төрағасы жеке сервер сатып алынып, ҚазақТелекомның дата орталығына орналастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар Дархан Қыдырəлінің айтуынша, 2010 жылдан бері қолданыстағы Wordpress жүйесінен бас тартып, қауіпсіздігі мықты Laravel фреймуоркі арқылы сайт қайта жасалып, Android және іOS жүйелеріне арналған мобильді қосымшалар іске қосылған. 

Жиында белгілі болғандай, "Егемен Қазақстанның" əлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылушылар саны да бір жылдың ішінде айтарлықтай артқан. "Фэйсбукте «Егемен Қазақстан» парақшасына жазылушылардың саны 3 мыңнан 13 мыңға жетті. Твиттер әлеуметтік желісінде «Егемен Қазақстан» аккаунтына верификация алынды" деді Дархан Қыдырəлі. Оның айтуынша, сайтта 2017 жылдың қаңтар айынан желтоқсанға дейінгі аралықта 6,3 млн. сеанс болып, сайттағы газет материалдары 12 миллион рет оқылған. 2016 жылмен салыстырғанда пайдаланушылар 320 мыңға, сеанс саны 3 миллионға, оқылған мақала саны 6 миллионға артқан.  Сонымен қатар сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасы іске қосылғалы бері Франция, АҚШ, Германия, Қытай және Түркия сынды елдерден оқылым көрсеткіші ұлғайған.

 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"