Қазақстан • 07 Ақпан, 2018

Бақытжан Темірболат Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Темірболат Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.