Қазақстан • 08 Ақпан, 2018

«Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғалар клиенттері назарына

168 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Қазинвестбанк» АҚ жеке тұлғалар клиенттері назарына

2018 жылдың 13 ақпанынан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ («ҚДКБҚ» АҚ) «Қазинвестбанк» АҚ-тың активтері мен міндет­те­мелері «Альфа-банк» ЕБ АҚ-қа өт­кен күннен бастап қалып­тас­қан ақша қалдықтарын «Қаз­ин­вестбанк» АҚ-тың жеке тұл­ға­лар мен жеке кәсіпкерлері алдын­да­ғы міндеттемелері бойынша төлемін бастайды.

Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен төлем бойынша агент банк болып «Банк ЦентрКредит» АҚ тағайындалды. Осы банк барлық филиалдар жүйесі арқылы соның ішінде Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Атырау қалаларында жеке тұлғалардың өтінішін қабылдап, қарастырып, «ҚДКБҚ» АҚ атынан және есебі­нен кепілдік берілген өтемді тө­лей­тін болады.

Жеке тұлғалар үшін кепілдік берілген өтемді төлеудің үш нұсқасы қарастырылған:

• «Банк ЦентрКредит» АҚ қасса­сынан қолма-қол ақшамен;

• жеке тұлғаның «Банк ЦентрКредит» АҚ қолданыстағы банктік шотына немесе депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы басқа банкке аудару;

• өтемнің сомасына «Банк ЦентрКредит» АҚ депозит ашу.

Өтем алу үшін тек жеке куәлік пен бекітілген форма бойынша толтырылған кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтініш болуы тиіс. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшелерінен алып тол­тыруға немесе «ҚДКБҚ» АҚ веб-сайтынан жүктеуге болады. Әрекет ету құзыреті
нотариалды кепіл­дік берілген өкілі арқылы өтемді алуға болады.

Жеке тұлғалары «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа 6 айдың ішінде өті­ніш беруге құқылы. 6 ай өткен­нен кейін төлемді алу үшін жеке тұл­ғалар тікелей «ҚДКБҚ» АҚ-қа өті­ніш бере алады.

«ҚДКБҚ» АҚ кепілдігі депо­зит­тердің барлық түрлерін, ағым­дағы шоттары мен төлем кар­та­ларындағы ақшаны қам­­тиды. Же­ке тұлғалар «Қазақстан Рес­пуб­ликасының екін­ші деңгейдегі банк­терінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген ең жоғары мөлшерде өтемді алуға құқылы:

• теңгедегі депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін,

• шетел валютасындағы де­по­зит­тер бойынша – 5 милли­он тең­геге дейін (кепілдік беріл­ген өтемді төлеуі теңгемен есеп­те­леді).

Қосымша ақпарат – «ҚДКБҚ» АҚ ресми интернет сайтында: www.kdif.kz. «ҚДКБҚ» АҚ мамандарынан ақыл-кеңесті 8 8000 80 10 20 (қоңырау шалу тегін); +7 (727) 312 24 40 / 41 (Алматы қ.) телефон нөмірлері арқылы алуға болады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ агент банк филиалдарының жұмысы туралы сұрақтар бойынша: 505 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), 8 (727) 244 30 30;  www.bcc.kz.