Сөз сойыл №52

Егемен Қазақстан
09.02.2018 7556

Өзің салсаң...

 Серікқали Мұқашев пен оның жұбайы Салтанат Құсайынова және Ер­махан Шайхыұлы – әл-Фараби атындағы журналистика факультетінің түлектері, әзіл-қалжыңдары жарас­қан құрбы-құрдастар. Бір курста оқығандықтан, олар отбасы болып араласып-құраласып тұрады. Әсіресе мейрамдарда бір-бірін қонаққа шақырып, жиі-жиі бас қосып тұруды әдетке айналдырған. Кейде бір-біріне: «Енді сенің кезегің» деп әзілдесіп қоятыны бар. Бір күні сондай кезек Ермаханға келеді. Ол қонақтарын барынша құрметтеп күтіп алып, дастарқандағы түрлі салаттарды араластыра салып, қонақтарға таратып жатады.

 – Ереке, әуре болма, мен өзім салып аламын, – дейді Серікқали әдеп сақтап. Сонда Ермахан: 

 – Жоқ, мен салып беремін. Өзің салсаң, к-ө-ө-ө-п салып аласың, – деген екен әзілдеп.

Басқаша жығылатын күн

 Құда күтуден халықаралық жарыс болса, қазақ бас жүлдені жеңіп алатыны анық. Сондай құдалардың бірін Ермахан да жақын ағайындарының үйінде күтіп жатады. Әр тост айтылған сайын ол құдаларды жағалап, бәріне алдыртып қойып жүреді. Байқаса бір құда мүлде алмай отырады. Себебін сұраса, ол өзінің имандылыққа бет бұрып, намаз оқып жүргенін айтады. Сонда әзіл айтпаса «ауырып» қалатын Ермахан:
 – Құдеке, бүгін басқаша жығылатын күн ғой, – деген екен.

Әріптестер әзілі

Ермахан Шайхыұлы кезекті еңбек демалысын алып, өзінің туған жері  Түркістан қаласына барады. Жылына бір келетін қонақ болғандықтан оны ағайын-туыстары мен құда-жекжаттары қуана күтіп алып, аста-төк дастарқан жайып құрмет көрсетеді. Қазақтың қонағын құдайындай күтетіні белгілі. Күніне үш үй мал сойып, бірінен бірі қалмай шақырысып жатады. Ерекең әбден шаршайды. Сондай күндердің бірінде «Айқын» газеті «Руханият» бөлімінің меңгерушісі Қаншайым Байдәулетова Ермаханға әлдебір шаруамен қоңырау шалады. Ермахан оған ел-жұрттың қалай құрметтеп күтіп жатқанын айтады. Мән-жайды түсінген Қаншайым:

 – Аты-жөніңізді ұмытып қалған жоқсыз ба? – дейді әзілдеп.

 – Жоқ.

 – Атыңыз кім?

 – Ермахан.

 – Фамилияңыз ше?

 – Байдәулетов, – деген екен сонда Ермахан әзілі жарасқан әріптесінің тегін атап.

Бану ШАЛОВА 

 Алматы

 

Қайта құрылған мақал

Қарыздарың өтелмей,
Сіркең су көтермей жүргенде
«Жиделіге» соға көрмеңіз,
Соққанмен қона көрмеңіз.
Себебі бұл ауылдың аумағында 
Өңкей бір айтқыштар мекен етеді.
Тосыннан бара қалсаң:
Еріндері жыбырлап,
Бір-біріне сыбырлап
Бастары қайқаң етеді.
Сосын құлағыңды құнтитып,
Мұрныңды шұнтитып,
Сирағыңды тылтитып,
Азан шақырып қойған атыңды
Қаңғыртып айдап жібереді,
Табанда қосалқы ат байлап жібереді.
Мәселен, ауданға келген
Әкімнің аты Жаншырақ еді,
Есіміне жау тиді де
Мақұлбек боп шыға келді.
Қысқасы, оның өз обалы өзіне:
Жоқ нәрсені сұрағанға да,
Телефон құлағын бұрағанға да,
Үстінен жазам дегенге де,
Архивіңді қазам дегенге де,
Өтірік айтып зарланғанға да,
Көз бояп алданғанға да – 
«Мақұл» деп шығарып салады,
Артынан онысын ұмытып қалады.
Қысқасы, бұл атты
Әкім мырза тілінен тапты...
Айтқыштардың тағы бір
Тапқырлығын айтайын,
Олар мақалдың өзін майыстырып,
Қабырғасын қайыстырып,
«Жөндеп» жүр,
Заманға сай «өңдеп» жүр.
Мәселен, көрші ауданға
Бастық былтыр Естен болды,
Ол келісімен кадрлар
Астан-кестең болды.
«Биік» екен талғамы,
Босатпаған адамы қалмады.
Орынбасарына Арыстан алдырды,
Тағы бірін алыстан алдырды,
Бұрынғыларын жұмыссыз қалдырды.
Қанына тартпағанның қары сынсын
Деген осы екен.
Бірі әкімнің бөлесі,
Бірі жұбайының досы екен.
Кеңсе бастығын Келестен шақырды.
Қоймадағы Қалбайды:
– Мұрныңа коммерцияның 
исі бармайды, –
Деп қалтыратты.
– Рынок заңына шорқақсың,
Алуға да жоқ, беруге де жоқ...
– Қорқақсың, –
Деп қаржыдағы Қайыстың да
Табанын жылтыратты.
Салықтағы Сәдіркүлдің
«Мінін» бірден таба қойды.
Жеке басты жесір екенсің,
Бюджетті орындамайтын
Кесір екенсің деп орнына ала қойды.
– Арықтан да, көлден де,
Іште жатқан төлден де
Тіпті дөңгелек мөрден де салық алады.
Кірістің көзін табады, – деп,
Талай мекемені ақсатқан,
Вагонды жүгімен,
Түлікті түгімен жұтып қақсатқан
Балдызын алып келді,
Оған да майлы жілік алып берді.
Жұрт неге күркілдеп, қақырады,
Тыныс бітіп, ажал шақырады.
Өйткені, өкпелеріне құрт түскен,
Бауырлары іскен,
Кеселдің емін табатын,
Ажалдан алып қалатын
Жанашыр адам жоқ.
Тойс... білікті маман жоқ,
Деп бас дәрігерді жазалады,
Ұзамай оның да орнын тазалады.
Әкім мырза осылай
Командасын түгел жаңалады.
Бұл қорлыққа шыдамған ел енді,
«Адамның басы Алланың добы» дегенді 
Төбесінен бір-ақ ұрды.
Сосын «адамның басы – әкімнің добы» деп
Мақалдың өзін қайта құрды.

*  *  *
Мақалды да тудыратын заман ғой,
Бәріне кінәлі адам ғой...

Өтеген ЖАППАРХАН
Қызылорда

Шындықтың жаназасы...

Шындық қайтыс болыпты... Кеше атып кетті... Шындықтың жаназасына Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар министрі, Баққұмар министрі, кландар мен жыландар келді...

– Шындықсыз қалай ел боламыз? – деп Өтірік министрі қорсылдап жылады... 

– Талай сорақыны жасырған едік, соның бәрін Шындық жарияға жар салып жүруші еді, енді қайттік? – деп Жағымпаздар министрі Өтірік министрін жағымпаздана құшақтап, сұқ саусағымен тілін жалап, көзінің айналасын сулап қойды...

– Хош, Шындық аға!

– Топырағың торқа, ішкенің вис­ки, жегенің тауық грилі болсын!

Молда Шындықтың жаназасын шығара бастады. Нөпір халықтың алдына шыққан өтірік пен жағымпаздар, мафия мен намыссыздар қаздай тізіліп, бәрі портфельдерін қолтықтарына қысып алып, шіреніп тұра қалысты. Бастарын төмен салбыратып тұрудың орнына, қасқайып, шалқайып кетті... Молда Шындық ағайдың жаназасын шығарып жатыр, әне екі қолын құлақтарына апарды. О, тоба, Мафия министрі пистолетін шығарып, сонысымен құлағын қасыды. Өтірік министрі жалған ақпарат беріп үйреніп қалған ғой, әлдекімге ұялы телефонымен өтірік ақпарат беріп жатты... Таққұмар министрі креслода отыр...

Бір кезде молда басын оң жаққа, сосын сол жаққа қисайтып еді, әлгілердің мойындары бұрылмай қалды. Мойын­дары сіресіп қатып қалған... Шындыққа бұрылмайтын мойындар...

– Уа, еліміздің қаймақтары мен жаймақтары! – деді молда Шындықтың жаназасын шығарып болған соң, – Шындық қандай адам еді?

– «Мощный» адам еді! – деді шала қазақ біреу міңгірлеп.

– Айтқаны «точный» адам еді! – деді алыстау тұрып аузын баса қойған Жалтақ деген ақсақал.

– Өтірік айтпаңдар! – деп қалды Өтірік министрі галстугін қозғап қойып.

– Қылда несі бар десейші? Іші пысып, қара қылды қақ жарып отырушы еді жарықтық...

– Айтатыны «Аққа құдай жақ»... 

– Талай қылмыстардың бетін ашып, көп еңбек етті халыққа...

– Обал-ай, обал... – деп жалған жылады Жағымпаз министрі жан-жағына жалтақтай қарап, – біздің партияға мүше болғанда ғой, өлмес пе еді...

Билік дәлізінің жердегі «құдай­лары» шулап кетіп еді, молда қолын көтерді:

– Айтыңыздаршы, Шындықтың сіздерге қарызы бар ма еді? Өзі жоқ болса да мұнда халық бар. Көп болып...

Министрлер жамырап кетті.

– Маған екі миллион теңге қарыз!

– Маған 370 миллион доллар қарыз!

– Маған қарыз болайын деп жүрген...

Бір кезде табытта жатқан Шындық басын көтерді. Өлікті тірілтетін өтірікке жаны шыдамаса керек. Ол ешкімге қарыз емес еді. Сол-ақ екен әлгінде ғана шырт түкіріп, шіреніп тұрғандар тым-тырақай қаша жөнелді...

Мұхтар ШЕРІМ

Шымкент

 

Мұндай да болады

Менің әйелім супермаркетте сағатына 500 долларлық жылдамдықпен жүріп өтеді.

Бір әйел азаматтың көйлек түсінің ашықтығы сондай, оның бүйрегі көрініп бүлкілдеп-ақ тұр. 

Әр әйелдің өзі дүниеге әкелген баласымен бірге енесі босанған тағы бір баласы болады.

Ауылдағы бір дүкен өртеніп, оны өшіруге ешкім асыға қоймапты. Сөйтіп көпшілік дүкен ішіндегі «қара дәптер» жанып бітті-ау дегенде барып қозғалған көрінеді...

– Әллөу, бұл балабақшадан хабарласып тұр едік. Сіздің балаңыздың кезегі келді, әкеле беруіңізге болады. 

– Рахмет! Ол қалай әскерден оралады, барып шығамыз!..

 

Саясаткер туралы «сыр сандық»

– Хрущев жолдастың денсаулығы соңғы кезде сыр бере бастады деген сөз рас па?
– Рас. Тың игеруден белі шойырылды, жүгеріден асқазаны бүлінді. Америкамен жарысудан демікпе болды, ал тоқ ішегіне сөз толып кеткені неден болғанын біле алмадық.
*  *  *
Мәскеу.
Ет дүкенінде кезекте тұра-тұра шыдамы таусылған бір мұжық:
– Бізді осыншама қалжыратып жүрген кім өзі?! – деп кіжіне сөйлейді. 
– Хрущев!
– Хрущев!?
– Ендеше, сендер менің кезегім мына әйелден кейін екенін ұмытпаңдар, мен барып, Хрущев болмақ тұрғай әулие болса да оған көресісін көрсетіп келейін! – деп айбаттанып кетеді де, бір сағат шамасында қайтып келеді. 
– Иә, қалай, бәлемге көресісін көрсеттің бе?
– Жоқ. Онда кезекте тұрғандар бізден бес есе көп екен!
*  *  *
– Сталиннің рөлін ойнаған әртістер Хрущев пайда болысымен шаштарын жұла бастағандары несі?
– Хрущевтің рөлін ойнауға дайындалғаны ғой!
*  *  *
– Хрущев кинематография комитетінің сыйлығын не үшін алды?
– «Біздің Никита Сергеевич» деген кинофильмде басты рөлде ойнағаны үшін.
*  *  *
«Біз ет, сүт, май өндіруде Американы қуып жетіп, басып озамыз» деген дәрісінің соңында залдан біреу:
– Қуып жеткен соң сонда тұрып қалуға бола ма? – деп сұрапты. 
– Қуып жетсек те озбайық, артымыз көрініп қалады, – депті екінші кісі. 

Дайындаған 
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

 

Пәтуәлі пән

Мектепті бітіруге таяу жігіт-желең әңгімелесіп отыр.
– Қай пәннен екі алғанға қынжыласың?
– Кез келгенінен! Не, айыр­ма­шылық бар ма?
– Болғанда қандай! Әкем екі алып келгенімде, бел­дік­пен саза­йым­ды берер кезде шал­барым­ның ішіне екілік алған пән­нің кітабын салып алуыма рұқсат етеді.
– Ойпыр-ай-ә, содан?!
– Мәселен, «әдебиет» пәні­нің кітабы «физикадан» екі есе, «геометриядан» үш есе қа­лың!.. Сондықтан әдебиет­тен гөрі ғылыми есеп-қисап пән­деріне аса ден қоятын болдым.
– Ал дене тәрбиесінен екілік алып қалсаң ше?
– Ол деген ғажап! Спорт дамбалымның ішіне допты тығып аламын да, әкемнің айызы қанғанша міз бақпай мұртымнан күліп жата беремін...

Александр СЕМИКОВ

Мүйісті жүргізген Берік Садыр

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

25.05.2018

Ақтөбе облысында 16 мың бала лагерьлерде тегін демалады

25.05.2018

Оңтүстікте биыл 33766 оқушы мектеп бітірді

25.05.2018

Семейдегі интернат тәрбиеленушілері «Отанымыз – Кеңес Одағы, астанамыз – Мәскеу» деп жазылған оқулықтармен оқып жатыр

25.05.2018

Ақтөбеде «Кемел кәсіпкер» чемпионаты өтті

25.05.2018

Маңғыстаулық полицей-палуан Қызылжарда топ жарды

25.05.2018

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚХА кафедрасы ашылды

25.05.2018

Андрес Иньеста Жапонияда ойнайтын болды

25.05.2018

Ақтөбеде «Бақытты бала» атты балалар байқауы өтеді

25.05.2018

Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды

25.05.2018

KADEX - әскери ынтымақтастық көрмесі

25.05.2018

Ақмола облысында егіншілік поли­го­ны жұмыс істей бас­тады

25.05.2018

Блум таксономиясы туралы не білеміз?

25.05.2018

Атырау об­лысында «Астана қаласының мәдениет күндері» өтті

25.05.2018

Павлодарда студенттер «Адамжүсіп» пьесасын сахналады

25.05.2018

Талас Омарбек - тәуелсіздік түлеткен тарихшы

25.05.2018

Қарағандыда ақын Ғалым Жайлыбайдың кеші өтті

25.05.2018

Қош бол, Анук!

25.05.2018

Талбесігің тәрк етілсе...

25.05.2018

Ғасыр бойы күткен жол. Бөкейорданың жол мәселесіне Елбасы қозғау салды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу