Әлем • 09 Ақпан, 2018

Солтүстік Кореяда әскери парад өтті (видео)

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пхеньянда Корей Халық Демократиялық Республикасының Қарулы күштерінің 70 жылдығына арналған әскери парад өтті. 

Бір айта кетерлігі, парад Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы Олимпиаданың ашылуына бір күн қалғанда ұйымдастырылды. 

Батыс сарапшыларының айтуынша, Солтүстік Корея бұл датаны әдейі таңдап алған болуы мүмкін. 

Ким Чен Ын парадта сөйлеген сөзінде Олимпиада туралы ештеңе айтпаған. Ал Олимпиаданың ашылу салтанатында КХДР мен Оңтүстік Кореяның құрамалары бір тудың астында шығуы керек.