Данияр Ақышев Үкімет отырысында не туралы баяндама жасады?

Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа баяндама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Егемен Қазақстан
09.02.2018 508
2

Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің отырысында Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Бағдарламаның бірінші бағыты.

"Үкіметпен бірге өткен жылы БТА Банкпен біріктірілгеннен кейін көп проблемаларға ұшыраған жүйе құраушы банк - Казкоммерцбанк толығымен қалыпқа келтірілді. Нәтижесінде БТАБанкке берілген кредитті Проблемалық кредиттер қоры сатып алды, ал Казкоммерцбанктің өзі қайта капиталдандыру бойынша міндеттемелерге айырбасталып, стратегиялық инвесторға сатылды. Мемлекеттік қолдау арқасында халықтың депозиттері,  4,5 триллион теңге сомадағы мемлекеттік және жеке компаниялардың қаражаты сақталды", - деді Ақышев.

Бағдарламаның екінші бағыты.

«Әлеуметтік маңызды және нарыққа біршама үлесі бар ірі банктерді қолдау. Ұлттық Банк барлық банк жүйесі активтерінің 28 пайызын  құрайтын 5 банктің қатысуын мақұлдады. Оларға халықтың 2 триллион теңгеден астам депозиттері және квазимемлекеттік компаниялардың 2,2 триллион теңге депозиттері мен шоттары орналастырылған.Бағдарламаның шеңберінде банктерді үстеме капиталдандыруға мемлекет пен акционерлердің ортақ қатысу схемасы іске асырылды. Мемлекеттік қолдау 653 миллиард теңге болды. Аталған банктердің акционерлері 421 миллиард теңгеге банктерді үстеме капиталдандыру бойынша және нашар кредиттерді 1,2 триллион теңгеден астам сомаға төмендетуге міндеттеме қабылдады. 665 миллиард теңге есептен шығарылды», - деп айтып берді қаржы реттеушісінің басшысы.

Ақышевтың айтуы бойынша, бағдарлама іс жүзінде банктердің орнықтылығын арттырды және экономиканы кредиттеуді кеңейтуге айтарлықтай әсер етті. Экономикаға Казкоммерцбанкті қоса алғанда, үстеме капиталдандыру алған банктерге жаңа қарыздар беру 781 миллиард теңге болды. "Алайда, қолдау көрсету бағдарламалары елдегі қаржылық тұрақтылық үшін мәні бар ірі институттарды ғана қамтуға тиіс екендігін халықаралық тәжірибе растап отыр. Оның үстіне, мемлекеттен жеңілдетілген ресурстар ұсыну опциясы қаржы институттарының акционерлері арасында масылдық көңіл-күйді дамытуға жол бермеу мақсатында тек қысқа мерзімді сипатта болуға тиіс", - деді Ақышев.

Ол мемлекеттің тұрақты қолдау желісі барлық банк үшін олардың банк жүйесіндегі рөлі мен мөлшеріне қарамастан мемлекеттен арзан ақша алуын ынталандыратынын айтып берді: "Біз ахуалы жалпы қаржы тұрақтылығына ешқандай қауіп төндірмейтін шағын банктер бағдарламаға қатысатынына сеніп отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан Ұлттық Банк Басқармасы 2018 жылғы 6 ақпанда Бағдарламаны ірі банктерді үстеме капиталдандыру бойынша шаралар бөлігінде іске асыруды аяқтауға шешім қабылдады. 2018 жылғы 7 ақпаннан бастап банктердің өтінімдерін қарау тоқтатылды, ал осы мерзімге дейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды".

Бағдарламаның үшінші бағыты.

"Банктерді қолдаудың дағдарысқа қарсы шараларын іске асырғаннан кейін секторды орнықты дамыту шараларына көшеміз. Бірінші кезекте, бұл болашақта кредиттеу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану проблемаларына жол бермеу. Банктер тарапынан аса сақтықпен саясат жүргізу. Біз реттеуші провизиялар тетігін қалыпқа келтірдік. Банктердің жаңа № 9 қаржылық есептілік стандартына бейімделуі бойынша жұмыс жүргізудеміз. Екіншіден, Ұлттық Банктің қадағалау мандатын күшейту. Тәуекелі жоғары саясат жүргізетін банкке қатысты реттеушінің алдын ала ықпал ететін мүмкіндіктері болуға тиіс. Бұл тәуекелге бағдарланған қадағалау деп аталады. Ол банк секторында осындай проблемалардың қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүддесін қорғауды күшейтеді", - деді Ақышев.

Ол bail-in тетігін заңнамалық бекіту арқылы банктің тәуекелдерін оның ірі кредиторлары арасында бөлу көзделетіндіктен, бұдан мемлекетке де пайда келетіні туралы атап өтті. Ол үшін Үкіметке енгізілген Ұлттық Банк туралы заңға және салалық заңнамаға түзетулерді жылдам қабылдау қажет. Ақышев Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне түзетулерді жылдам қарауды қолдау туралы өтініш білдірді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу