Қазақстан • 09 Ақпан, 2018

Әкімдіктер күнделікті жұмыстарын «Рухани жаңғыруға» жатқыза салады - Президент

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейбір әкімдіктер күнделікті өздерінің жұмыстарын «Рухани жаңғыруға» бұрмалап жатыр. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. 


Әкімдіктер күнделікті жұмыстарын «Рухани жаңғыруға» жатқыза салады - Президент

«Бірқатар өңір «Рухани жаңғыруға» қатысты жұмыстарымен тыңғылықты айналысуда. Халықтың көпшілігі бағдарламаны жақсы қабылдағанын білеміз. Ал кейбір әкімдіктер күнделікті өздерінің жұмыстарын «Рухани жаңғыру» аясында атқарып жатырмыз деп жариялайды. Мысалы, жыл сайынғы мерекелік жарыстарды, фестивальдерді, спорттық шараларды «Рухани жаңғыруға» жатқыза салады», - деп тоқталды Президент.

Осы орайда Елбасы бағдарламаға қатысты бұндай мәлімдемелер таза бұрмалау екенін әрі «Рухани жаңғырудың» мәртебесіне нұқсан келтіретінін атап өтті. «Сонда олардың «Рухани жаңғыру» не екенін түсінбегені ғой?! Түкке тұрмайтын нысандарды қасиетті орындар деп айтуда. Облыс аумағынан не болса да нысан тап деп айтқан жоқпыз ғой. Бар нәрсені айтуымыз керек», - деді  Н. Назарбаев. Елбасы дегенмен өзінің мүмкіндіктерін іске асырмай отырған облыстар бар екенін қадап айтты. Бұл тұрғыда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстарында жұмыстардың белсенді жүргізілуі керектігін тапсырды.