Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
09.02.2018 2457

Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев елімізді дамыту барысында өткен жылы қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Басқосу барысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Премьер-Министрдің орынбасары А.Жұмағалиев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.Мырзахметов, Қарағанды облысының әкімі Е.Қошанов және Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев баяндама жасады.

Елбасы орындалған міндеттердің нәтижелеріне тоқталып, баяндамашылардың назарын банк секторындағы проблемаларға, сондай-ақ цифрландыру бағдарламасының мақсаттарын түсіндіру, бюджет қаражатына бақылауды күшейту, бақылайтын мемлекеттік органдардың тарапынан шағын және орта бизнесті тексеру жұмыстарын қысқарту мәселелеріне аударды.

Мемлекет басшысы жасалған баяндамалардан кейін сыртқы тұрақсыз факторлар жағдайында Үкімет, Ұлттық банк және өңір әкімдерінің елімізді дамыту жөніндегі орнықты көрсеткіштерге қол жеткізу жолындағы жұмыстарына оң баға берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бұған дейін қабылданған бағдарламалық құжаттарды іске асырудың және оларға бөлінген бюджет қаражатын игерудің тиімділігін арттыру қажет екенін айтты.

– Әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін белсенді жұмыс  істеу керек. Қажетті барлық бағдарламалық құжаттар қабылданып, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді. Институционалдық реформалар жүзеге асырылуда. Біз еліміздің Үшінші жаңғыруын жариялап, экономикамызды цифрландыруға кірістік. Даму үрдісін жеделдету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Индустрияландыру

Мемлекет басшысы индустрияландыру жылдары еліміздегі өңдеу секторының дамығанын атап өтіп, оның экономикадағы үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ, Елбасы өндіріске озық технологияларды енгізіп, кәсіпорындардың экспортқа бағытталу мүмкіндіктерін арттыру мәселелеріне тоқталды.

– Мемлекеттік қолдау ең алдымен, озық технологияларды енгізетіндер мен экспорттық өнім өндіретіндерге көрсетілуі қажет. Өңдеу өнеркәсібінің озық өсімін қамтамасыз ету үшін неғұрлым белсенді шаралар қабылдау керек, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін зерттеуді тапсырып, жаңа экономикалық аймақтар құруға уақытша тыйым салды.

Отырыс барысында мұнай-газ секторындағы өңдеу және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын трансформациялау мәселелері талқыланды.

– Мұнай мен газ өңдеу маңызды бағыт болып саналады. Оның үстіне елді жанар маймен қамту мәселесі жиі көтеріледі. Тіпті, 3 зауытты жаңартқанның өзінде Қазақстандағы жанар-жағармай тапшылығын 3-4 жылға ғана тоқтата аламыз. Интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы жөнінде маған 2009 жылы баяндалған болатын. Содан бері жобаның құны 6-дан 9 миллиард долларға дейін өсті. Аяқтау мерзімі 2016 жылдан 2024 жылға шегерілді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының нақтыланған стратегиясы мен трансформациялау бағдарламасы бойынша Қорды басқару жөніндегі мәселені Кеңестің күн тәртібіне қоюды тапсырды.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекет басшысы автомобиль жолдарының құрылысына бөлінетін қаржының тиімді әрі жариялы түрде пайдаланылуын бақылау қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті бірінші кезекке жатпайтын республикалық жолдарға бөлінген қаржыны өңіраралық және ауданаралық жол құрылыстарына қайта бағыттаудың маңыздылығына назар аударды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы

Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі тұрғын үй құрылысының нәтижелеріне тоқталып, мемлекеттік бағдарламаның одан ары жүзеге асырылу механизмдерін қайта қарау керектігін атап өтті.

– Соңғы екі жылда тұрғын үй құрылысына 550 миллиард теңге бөлінді. Мұның бәрі әкімдер айналысып жатқан құрылысты тікелей қаржыландыруға жұмсалды. Дағдарыс жылдарында бұл қадам ақталды. Енді нарықтық механизмдерді пайдалануға көшу керек. Құрылысты банктер қаржыландырып, ал Үкімет, Ұлттық банк және әкімдер тұрғын үй құнының арзандауы үшін жағдай жасауы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру

Қазақстан Президенті Үкіметке импорт бойынша электрондық декларациялауды енгізу және тексеруші бақылау-қадағалау органдарының санын қысқарту мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев электр энергиясы құнын төмендету мақсатымен «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу және өңірлік электр жүйелері компанияларын ірілендіру барысына тоқталды.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрге өңдеу саласына трансұлттық компанияларды тарту жөніндегі жұмыстарды бақылауға алуды тапсырып, «Қазақ Инвест» және «Қазақ Экспорт» компанияларының маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Отырыс барысында агроөнеркәсіп секторындағы жобаларды іске асыруға инвесторларды тарту мәселесі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығын іске қосу жөнінде алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайына тоқталып, олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасына қатысу мәселесін атап өтті.

– Денсаулық сақтау саласындағы реформаны тежеп отырған тағы бір жәйт цифрландыру мәселесіне байланысты. Осы күнге дейін электронды денсаулық паспорты жасалмай отыр, дәрігерлер құжаттаманы қағаз жүзінде жүргізіп келеді. Жергілікті жерлерде медицина мекемелері компьютерлермен толық жабдықталмаған, интернет қолжетімді емес. Бұл әкімдердің жауапкершілігіндегі мәселе, – деді Мемлекет басшысы.

Қоғамдық сананы жаңғырту

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердегі кейбір басшылардың бұл бағдарламаны іске асыруға салғырт қарап, оған жүйелі әрі тыңғылықты кіріспей отырғанын атап өтті.

– Белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін өзінің бар мүмкіндігін пайдаланбай отырған өңірлер бар. Қоғамдық сананы жаңғырту бір жылмен шектелмейді. Бұл жүйелілікті, үнемі жаңа тәсіл іздеуді талап ететін ұзақ мерзімді жұмыс, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ жиында қазақ тілінің латын қарпіне көшу мәселесі де талқыланды.

Заң үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықпен күрес

Мемлекет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға қылмыстық процестегі асыра қудалаушылықты бәсеңдетіп, оны ізгілендіру бағытын жалғастыруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу ісінде алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдау басты міндет болуға тиіс екенін айтты.  

– Соңғы 2 жылдың ішінде ғана сыбайлас жемқорлық үшін екі мыңнан астам лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Солардың арасында министрлер де, түрлі деңгейдегі әкімдер де, ведомство басшылары да бар. Атап айтқанда, бұрынғы ұлттық экономика министріне, «Қазақавтожол» кәсіпорнының бас директорына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу ісінде алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдау басты міндет болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы биылғы Жолдаудың барлық басымдықтарын іске асырудың маңыздылығына тоқталып, оларды орындау үшін әрбір басшыға жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

– Жолдауда төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында атқарылуға тиіс 10 нақты міндет белгіледім. Президент Әкімшілігі, Үкімет, Парламент, әкімдер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ұлттық холдингтер тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Бүгін мен ескерілуге тиіс тағы бірқатар мәселені айқындадым. Жүргізіліп жатқан конституциялық реформа мен күрделі геосаяси ахуал жағдайында барлығымыз белсенді әрі жұмыла жұмыс істеуіміз керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

21.06.2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу