Қазақстан • 10 Ақпан, 2018

Астанада жаңа бағыттағы автобус іске қосылады

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өндіріс» тұрғын үй алабының тұрғындары 10 ақпаннан бастап сол жақ жағалауға 104 жаңа экспресс бағдарда қатынай алады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жаңа бағыттағы автобус іске қосылады

«Сусамыр көшесі» аялдамасынан шыққан экспресс бағдар «Азия парк» СОО аялдамасына дейін жүретін болады.

«Автобус «Сусамыр көшесі» бастапқы нүктесінен жүріп, солға бұрылып, Крылов көшесіне өтеді. Бұдан кейін ол оңға бұрылып, Шиелі көшесімен қозғалатын болады. Шиелі көшесінің бойымен жүрген автобус солға Тоқтаров көшесіне, бұдан кейін оңға Кемеңгерұлы көшесіне, Кемеңгерұлы көшесінен Ақбидай көшесіне, Ақбидай көшесінен оңға Өндіріс көшесіне, бұдан кейін оңға Үшқоңыр көшесіне, Тайбурыл көшесі- Игілік көшелеріне өтетін болады. Игілік көшесімен қозғалған қоғамдық көлік оңға бұрылып, Гоголь көшесіне, Гоголь көшесінен Жаңажол көшесіне, Ақжол көшесінің бойымен жүріп, оңға Пушкин көшесіне өтіп, Ж. Ташенов көшесінен солға бұрылып, Шалқыма көшесі – Мәңгілік ел даңғылы- оңға Достық көшесіне – соңғы аялдама «Азия парк» СОО-на жететін болады», - деп жазылған таратылған хабарламада.

Қоғамдық көлік кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүретін болады.