Қазақстан • 11 Ақпан, 2018

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12 ақпанда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 

Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, ертең, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  республиканың солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын болады. Қазақстанның басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, республиканың солтүстік-батысында бұрқасын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді, түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел соғады - секундына 15-20 метр. Маңғыстау облысында тұман, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын мен тұман болады.

Сонымен қатар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.