Қазақстан • 11 Ақпан, 2018

СІМ: Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу облысында апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтардың  бар-жоғы анықталуда. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

СІМ: Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз

«Қазіргі уақытта қазақстандықтардың бар-жоғы (ұшақ жолаушылары арасында - авт.) туралы мәліметтер жоқ», - деп атап өтті Әнуар Жайнақов.

Айта кетейік, бүгін Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті.