Халыққа көмір неге жетпей жатыр?

Өңірге жұмыс сапарымен келген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев облыс әкімі Болат Бақауовпен, әкімдіктер өкілдерімен бірге Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ге Еуразиялық энергетикалық корпорациясына қарасты «Шығыс» кенішіне, Баянауылдағы «Майкөбе-Вест» ЖШС-не барды. Көмір кеніштерін аралаған соң, Екібастұз қалалық әкімдігінде көмір өндіру көлемі және еліміздің көмір өндіретін кәсіпорындарын дамыту мәселелері бойынша жиналыс өтті. 

Егемен Қазақстан
12.02.2018 230

Жиынға Энергетика ми­нис­трлігінің, әкімдіктің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың өкілдері, «Майкубе Вест» ЖШС, «Богатырь көмір» ЖШС, «ЕЭК» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Қаражыра» АҚ көмір кеніштерінің басшылары қатысты. Қаңтардағы қатты аязда көмір тапшылығы бай­қалып, халықтың нара­зы­лығы туындағаны белгілі. Жи­ын­да айтылғандай, бұл ке­ніш­тер­дің алдын ала ком­му­нал­дық-тұрмыстық қажет­ті­лік­ке және халыққа көмір жет­­­кізу жұмыстарына тиісті ба­­­қылау жүргізбегендерін көр­сетті.

Жалпы, халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бірінші кезекте жергілікті әкімдіктердің құзыретінде. Ал көмір өндіретін кәсіпорындар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-пен бірлесіп, коммуналдық-тұрмыстық және халықтың қажеттілігін көмірмен толық және уақтылы қамтамасыз етуі қажет, деп атап өтті Қ. Бозымбаев.

Өткен жылы елімізде алдың­ғы жылмен салыстырғанда көмір 8,3 пайызға артық өнді­рі­ліпті. Тұрмыстық-ком­мунал­дық мақсатта республика бойын­ша 12,5 миллион тонна кө­мір жеткізілген. Бозымбаев қаң­тар­да­ғы қатты аяздар көмір түсіру кестесіне де кедергі кел­тіргенін айтты. Сол себепті, Ал­ма­­тыдағы бірқатар ауылдарда, темір жол тұй­ық­тарында, ШҚО, Алматы, Жамбыл облыс­та­­рында көмір тап­шылығы бай­қалды.

Ал Екібастұздағы «Шығыс» және «Богатырь Көмір» ЖШС кеніштері екі жылдың ішінде қуа­тын арттырған. Қыста ке­ніш­­тер тоқтаусыз жұмыс жасады.

– Өткен жылы көмір кеніші тұтынушыларға 40 миллион 900 мың тонна көмір жеткізген. Көмірдің 60 пайызы экспортқа жұмсалса, қалған 40 пайызы еліміздің ішкі нарығына жіберіледі. Биылға 41 миллион тонна көмір өндіру жоспарланып отыр, – деді «Богатырь көмір» ЖШС-нің бас директоры Марат Абдығұлов.

– Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің бір тоннасы 2133 теңге. Басқа өңірлердегі көмір тап­шылығына байланысты жай­лар­дың «Богатырь» кені­шіне қатысы жоқ. Өйткені біз­дің тұтынушыларымыз ГРЭС-тер, Жылу орталықтары, қазан­дық­тар, – деді ол.

Жалпы, кәсіпорын көмірмен Павлодар, Солүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын қам­тамасыз етеді. Биыл циклдық-ағымдық технология бойынша көмір өндіру қайта қалыпқа келтірілді. 2021 жылы алғаш­қы, 2023 жылы екінші кезеңі аяқталады. 2019 жылы «Богатыр» кенішінде байыту фабрикасы іске қосылмақ.

Қанат Бозымбаев барған Баянауылдағы «Майкубе-Вест» ЖШС нарықтық уақыт келген кезде «Екібастұзкөмір» бір­­лес­тігінің құрамында бол­ған-ды. Одан кейін амери­ка­лық компанияға, біраз жыл «Қазақмыс» корпорациясы­на қарады. 90- жылдары Майкөбенің көмірін Вен­грия, Румыния сияқ­ты ел­дер пай­да­ланған көрінеді. Бұл күн­дері кеніштер жеке­мен­шік­тің қолында. Жалпы, біз­дің өңірдегі жұртшылықтың дені осы Майкөбенің көмірін тұтынады, «Қаражыра», «Шұ­бар­көлдің» де көміріне сұраныс жоғары.

– «Майкөбе» кенішінің көмірі қоңыр, лигнит деп аталады. Екібастұздың көмірінен айыр­масы бар. Қоңыр көмір тез жанады, күлі аз. Бірақ таскө­мір­ге қарағанда, қызуы төмен. Не­гі­зінен тұрғын үйлерде пешке жа­ғылатын көмір, – дейді ма­ман­дар.

– Жалпы, «Майкөбе» кеніші 6,4 шақырымға созылып жатыр. Кен орнының тереңдігі 80 метрге жуық.

Екібастұз стансалары негі­зінен Екібастұздың таскө­міріне лайықталып салынған. Көмірі әлемдік бағамен са­лыс­тырғанда арзан санала­ды, сондықтан бұл саланы дамыту үшін ең алдымен қар­жыландырудың жасыл на­рығын дамыту керек, дейді мамандар. Көмірдің бір тоннасының ең арзаны – 9-10 мың теңге. Шалғайдағы ауылдарда 12-13 мың теңгеге дейін барады. Ал бір үйге қыс­та кемінде 5 тонна көмір керек. Аязды күндері күніне 10-12 шелек көмір жағылады. Сон­дықтан қыс мезгілінде 9-10 тонна көмір сатып алуға тура келеді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде көмір тапшылығы жоқ. Елі­міздегі көмір қоры әлі 300 жыл­ға жетеді. Ал баға саясаты­на келер болсақ, көмір құны мемлекет тарапынан реттелмейді. Сондықтан кім қандай бағаға сатса да өз еркі. Қазір елімізде 400-ге жуық көмір кені бар көрі­неді. Бағаны нарық анықтайды, көмірдің құны сұранысқа қарай өзгереді.

Сондықтан Энергетика ми­нис­трлігі коммуналдық-тұр­­мыс­тық қажеттілікке көмір жет­кізуді арттыру және көмір са­ла­сын бұдан әрі дамыту үшін бір­қатар шараларды қолға алуда. Үкіметке өңірлерге көмір жет­кізу кезіндегі кідірістер мә­селесін түпкілікті бір жолға қоя­тын бірқатар ұсыныстарын ен­гізбекші. Енді кеніштерде кө­­мір­ді жөнелту сызбасы қайта қа­­рас­тырылады. Жиындағы мә­селенің мәнісі – бірінші кезекте көмірді халықтың ком­­­муналдық-тұрмыстық қа­жет­тілігіне жеткізу. Екінші кезек­те, ЖЭС-терге жөнелту, ең соңында экспортқа шығары­латындығы жөнінде айтылды.

Қазір барлық облыстарда халықтың коммуналдық-тұр­мыстық қажеттілігіне көмір жеткілікті. Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыс­тарындағы қоймаларда және темір жол тұйықтарында көмір бар. Оңтүстік Қазақстан об­лы­сы­ның Шымкент, Түр­кістан, Ленгір, Сарыағаш қала­ларында және басқа да өңірлерде көмір бар. Облыс қоймаларында бар­лығы 19 000 тонна көмір жи­нақ­талған.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

17.08.2018

Өзбекстанға Қазақстан арқылы өтетін автокөлік ағыны көбейді

17.08.2018

Озық идеядан – өндіріске

17.08.2018

Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады

17.08.2018

Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз

17.08.2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

17.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

17.08.2018

Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді

17.08.2018

Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр

17.08.2018

Ауыл кооперативінің артықшылығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу