Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Келелі келісім аясындағы жаңа жоба

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2014 жылы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында Сот төрелігі секторын институттық нығайту жобасын қаржыландыруға қарыз бөлу туралы келісім жасалған болатын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрлігі тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің директоры Бақтыгүл Атағазиева мәлімдеді.

«Ол келісім сол жылы Қазақстан Республикасының заңы­на сәйкес ратификацияланды. Осы келісім аясында Әділет министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі бір­лесіп тіркеу қызметіне, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне жә­не нотариаттық қызметке қа­тыс­т­ы заңнаманы реформалау бой­ынша жобаны іске қосты. Жоба құқықтық базаның ма­ңызды элементтерін нығайтуға ар­налған, бұл сот төрелігі секторын дамытып, нығайтуға ықпал ете­ді», деді Б.Атағазиева.

Сонымен қатар ол жобаны жүзеге асыру үшін Әділет ми­нис­­трлігі Польшаның заңна­ма­­сын жетілдіруде табысты тә­­жі­­рибесі бар заңгерлік фирма Miller Canfield өкілдерін жә­не GLCC Solutions ұйымының Грузия, Шығыс Еуропа және Ор­т­алық Азия елдерінің жеке жә­не мемлекеттік секторларды ре­формалауда мол тәжірибесі бар халықаралық сарапшыларын шақырғанын атап өтті.

«Жоба аталған бағытттар бой­ынша елеулі жетістікке қол жет­кізген және халықтың жоға­ры сеніміне ие болған АҚШ, Венгрия, Польша, Чехия және Түркия сынды да­мы­­ған мемлекеттердің талда­уы мен тә­жірибесіне негіз­дел­ген, заң­на­ма­ны жетілдіруге бағыт­тал­ған ша­­ралар консультациялық көмек т­ү­рінде бір жыл бойы іске асыры­ла­тын болады», деді Бақтыгүл Атағазиева.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»