Бизнеске бейімделудің тиімділігі төмен болып тұр

1 трлн теңге. 2017 жылы Атырау облысындағы шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнім көлемі осы сомадан асты. Бұл – 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,4 пайызға артық. Мұнайлы аймақта жыл санап бизнеске бет бұрғандар қатары өсіп келеді. Қазір өңірде 42 897 кәсіпкерлік субъектісі бар.  

Егемен Қазақстан
12.02.2018 172

Облыстық кәсіпкерлік және индус­триялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізовтің айтуынша, салада 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бірақ өткен жылы Атырау қала­сы мен Жылыой, Индер аудандарында шағын және орта бизнес саласында жұ­мыспен қамту көрсеткішінде біраз төмендеу байқалды, басқарма басшысы мұны өндірістің автоматтандырылуы мен кейбір мекемелерде қызметкерлер санының қысқаруымен байланыстырады.

Алыстағы ауыл халқының кәсіп ашып, заманға сай талаптануына «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарла­масының көмегі көп болып отыр. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған 2010 жылдан бері Атырауда 976 бизнес-жоба қолдау тауып, 5564 жаңа жұмыс орны ашылды. Алайда Индер, Қызылқоға, Исатай аудандарының тұрғындары бағдарлама игілігін көруге әлі де асығар емес. Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлердің кепіл мүлкін тым арзанға бағалауы да ауыл шаруашылығы жобаларының несие алуына кедергі келтіруде.

«Соңғы бес жылда ауыл кәсіпкерлерін қолдауға жергілікті бюджеттен 1 157 млн теңге қаражат қаралды. Соның нәтижесінде 242 бизнес нысаны ашылып, 500-ден астам жұмыс орны құрылды. Былтырдың өзінде 67 жоба мақұлданды», дейді Айқын Елеусізов.

Қазір бизнес бастаймын деген адамға мемлекет тарапынан көмектің сан түрі бар. Облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Асылбек Жәкиев былтыр 265 кәсіпкерлік субъектісі қаржыландырылып, жаңадан 200 бизнес орны ашылғанын айтады. «Бастау бизнес» жобасына облыста 750 адам қатысқан. Алайда кәсіпкерлік негіздерін оқыған 750 адамның 130-ы ғана нақты іс бастапты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Исатай ауданына жұмыс сапары барысында өткізген көшпелі мәжілісте осы мәселеге назар аударды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Атырау облысында 2017 жылы несиелеуге 927 млн теңге, кепілдікті қамтамасыз етуге 97,6 млн теңге, «Бастау бизнес» бағдарламасын жүзеге асыруға 51 млн теңге бөлінген. Аймақ басшысы бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде оқытылған адамдардың санына емес, оның нәтижесіне, тиімділігіне назар аудару керектігін айтты.

– 750 ауыл тұрғынының бизнес туралы білім алғаны жақсы, бірақ солардың ішінен тек 130-ы ғана кәсіп ашқаны оның тиімділігі төмен болғанын көрсетеді. Адамдардың ынтасын, бизнеске бейімділігін ескеру керек. Қызылқоға ауданында 253 адам оқытудан өткен, нақты іс бастағаны – 22 адам. Қалғандары неліктен тыс қалып қойды? Кәсіпкер болғылары келетін тағы да 231 адамға қандай көмек көрсете аламыз? Барлық жауапты органдар осы бағытта жұмыс істеуі керек, – деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір аймақта 20 мыңға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Қолда бар мүмкіндік пен мемлекеттің көмегін пайдаланып, іс бастаймын деген азаматтарға кәсіпкер атану аса қиын емес. Бастысы – ниет.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

Атырау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

16.02.2018

Қызылорда облысы: Жаңақорған ауданында 5 агроиндустриялық аймақ құрылады

16.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Түркиядағы қазақ диаспорасымен кездесті

16.02.2018

Қостанай облысында латын әліпбиі оқытылады

16.02.2018

Астанада жаңа автовокзал ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу