Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Арық жүйелерінің ластануы ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр

371 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылдың қаңтар айын­да Мәжіліс депутаттарының өңір­­лер­ге іссапары аясында Алма­­ты облысының тұрғын­дары­­мен бір­­қатар кездесулер өткіз­­генін айта келе, төмендегі мәселені көтереді: «Кез­десу барысында көте­ріл­ген мә­се­­­лелердің бірі Ұйғыр ауда­н­ын­дағы жерасты су­лары­ның көтерілуі болды. 

Арық жүйелерінің ластануы ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр

Атап айт­қан­да, Шарын ауылы жанынан салынып жатқан автобан құрылысы және құрғатқыш каналдар мен арық жүйелерінің ластануы, тазаланбауы жерасты сулары деңгейінің көтерілуі салдарынан ауылшаруашылық егістік жерлердің жарамсыз болып қалу қаупі айтылды. Сонымен қа­тар бұл жағдай ауылдарға да қатер төндіре бастауда. Атап айтсақ, Шарын ауылында өткен жылы үш үй жердің саздануы салдарынан құлап қалған. Ауылдағы басқа үйлерге де әсері тиюде. Егер тез арада құрғатқыш каналды күр­делі жөндеуден өткізбесе бұл ауыр жағдайға әкеп соқтыратыны анық.

Осы саладағы мамандар маңай­дағы жерасты суларының көтерілуі келешекте топырақтың тұзданып, егістікке зиян келтіруіне әсер етуі мүмкін дейді.

Аудандағы жерасты жылы суларын бақылаусыз пайдалану артезиан ұңғымаларындағы қысымның төмендеуіне әкеп соқтыруда. Өт­кен жылғы Қырғызсай мен Сүм­бе ауыл­дарындағы сел, тау өзен­де­рін­­дегі су көлемінің азаюы осы­ның ай­ғағы. Сондықтан дема­лыс ай­ма­ғын­да жаңа артезиан ұңғыма­ла­­рын бұр­ғылауды уақытша тоқ­та­т­у қажет. Жұ­мыс істеп тұрған ұң­­ғы­­­малардың гидрогеологиялық кар­­та­­сын жасап, эксплуатациялық шы­­ғын­д­арды есептеп, әрбір шаруа­шы­­­лық­қа жылы суларды қолайлы пай­­да­ланудың ұсынымын бекіту керек.

Осыған орай, аталған мәселені тездетіп қолға алуды, яғни кешенді түрде гидрогеологиялық ғылыми зерттеу жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтауды сұрап, мен Үкімет басшысы Бақытжан Сағын­таевтың атына депутаттық сауал жолдадым. Алдымызда көк­тем жақын қалғандықтан, ауыл тұр­ғын­дарының осы мәселесін ертерек шешкен жөн болар еді.

Менің депутаттық сауалымды қолдап, бірнеше әріптестерім де қол қойды, – дейді депутат.

Шаймардан Нурумов, 

Мәжіліс депутаты