Рухани бастауға апарар жол

Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп айтқан еді. Біздің ел – азаттық алған, тәуелсіздікке қол жеткізген, еркін ел. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп, еліміздің болашақ бағдарын белгілеп берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында білімнің маңыздылығын былайша айқындап берді: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». 

Егемен Қазақстан
12.02.2018 5805

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан неме­релерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан ке­­лер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемең­гер қариялардың бірі неме­ресіне өмір сырын былай деп айшықтап айтыпты:

– Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік, өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шын­дық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады.

Сонда зерделі немересі ата­сының сөзін бөліп, былай деп сұрапты:

– Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді?

Атасы сәл ойланып, неме­ресінің пайымдылығына сүй­сіне отырып, жауап беріпті:

– Сен қайсысын көбірек қо­рек­тендірсең, сонысы же­ңеді.

Иә, өмірде ақ пен қара, жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс, оң мен терістің тартысы қатар жүреді. Алайда, осыдан адаспайтын, тура, ақиқат жолын табу үшін адамның ажырата білу деңгейі ашық болуы керек. Ол үшін адам «бәрін де жүрекке бағындыруы» тиіс. Ұлы Абай атамыз өзінің Он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде, адам баласы адам ба­ласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» – деп айтқан. Ал, ендеше келешек ұрпаққа лайықты қасиеттерге ие болу үшін қандай білім қажет?! Ол – рухани-адамгершілік білімі. Мұны қазіргі таңда әлем мойындап, рухани даму жолын таңдап, соған бетбұрыс жасап отыр. Қазіргі өзгермелі ақпараттық әлемде білім беруді білімнің теориялық жиынтығы деп қарау мүмкін емес.

Ең маңызды құндылық және қоғамның басты капиталы адам болып тұрған жағ­дайда білім беру жүйесінің мақсаты мен жемісі адам ин­тел­лектісі мен тұлғасы бо­луы тиіс. Қазіргі уақытта заманауи технологияның ар­қасында ақ­параттарға қол жеткізу бір­шама жеңілдеді, үйде отырып-ақ интернетті пайдаланып, кез келген арнайы білімді алу­ға болады. Осыған сәйкес қазіргі білім беру қызметі адамды белгілі бір білім кө­ле­мімен «толтыру» емес, білім алушылардың заманауи ойлауы мен тұлғасын дамы­туды қалыптастыру болып отыр. Заманауи қоғамға адамгершілікті, іскер, ашық, кеңпейілді, жаңа білімді иге­руге, стандартты емес шешім­дерді өз бетінше қабылдауға бейім адам керек. Ең бастысы, өзінің өмірлік мұратын түсінетін адам болуы тиіс. За­ма­науи білім одан да зорғысын бере алуы керек, яғни адамды рухани-адамгершілік тұр­ғысынан дамыта алатын болуы қажет.

Рухани-адамгершілік бі­лім беру бағдарламасын елі­міздің білім беру жүйесіне ал­ғаш рет ұсынған еліміздің бірінші ханымы Сара Алпыс­қызы Назарбаева болатын. Осы рухани-адамгершілік бі­лім беру идеясы Сара Алпыс­қызының «Ғасырлар тоғы­сында біз кенеттен тәрбиенің басты мақсаты – баланы ком­пьютер басуға үйретіп, еп­теп ағылшынша сөйлету деп са­надық. Міне, сөйтіп жаңа формацияның адамы да даяр. Ал бұл «прогресс» ұр­пағы қайырымдылықты зұ­лымдықтан ажырата алмайтыны, жақын жандардың жан ауыртпашылығын тү­сініп, бөлісе алмайтыны біз­ді селт еткізбейді» деген алаң­даушылығынан туындаған еді.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы адамгершілік, имандылық, тазалық, ізгілік та­қырыбында ой толғаған «Өмір әдебі» («Өмір әдебі», 2003 жыл) деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз, не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарларымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып, «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жан­дандырып, өзіміздің бас­тапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те кү­мәнданбайтынын» айтады. Сондай-ақ Сара Алпысқызы «Руханияттың кәусар бұлағына апаратын жолды іздеу – бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз» екенін көрсете келе, «Жаңа ғасырдың басында ересектер өміріне қадам басқан жас жеткіншектер бұрынғыдай емес, мүлде басқа өмірге бейім болуы керек. Білімді адам санатында аталуы үшін қазіргі жасөспірімге негізгі пәндерді жан-жақты игеру және жақсы талдау қабілетінің болуы аздық етеді. Ол өмірдің барлық шытырмандарын пайымдай білуі, кез келген тығырықтан парасатпен абыройлы шыға алуы тиіс» деп, өзін-өзі тануда, өмірді тануға жаңаша бағытта қарау керектігін меңзейді.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағ­дарламасы «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны арқылы балаларды биік адамгершілік рухта тәрбиелеуді мақсат тұ­тады. Адами ізгі қарым-қаты­настарға, яғни адам мен адам, адам мен қоғам, адам мен табиғат, адам мен әлем арасындағы қарым-қаты­настарға үйретуде «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы ерекше. Осы пән арқылы әрбір балаға өзін рухани болмыс, таби­ғаттың бір бөлшегі ре­тінде сезінуіне ықпал етіп, өз бойындағы тумысынан са­лынған жалпыадамзаттық құн­дылықтарды (ақиқат, сүйіс­пеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау) олардың көрінісі болып табылатын адамгершілік қасиеттері арқылы күнделікті өмірінде, түрлі жағдаяттарды қолдана алуға баулу жүзеге асырылады. Ол үшін әрбір бала өз ар-ұждан дауысына сай өмір сү­ретін, ойы, сөзі, ісі бірлікте болып, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғатын, барлығына риясыз сүйіспеншілігін арнай алатын, қоғамға риясыз қызмет ететін тұлға болуға тиіс. Осы тұрғыдан келгенде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының білім беру жүйесіндегі өзек­тілігі арта түседі.

Осындай күрделі де, жауапты міндетті «ізгі ақыл» мен «жылы жүректі» ұстаздардың балалармен сүйіспеншілік, өзара түсіністік, сыйластық, ынтымақтастық жағдайында ғасырлар бойы жинақталған адамзаттың рухани мұрасымен сусындатып, ұлттық құнды­лықтарын дәріптеуге, елін сүй­ген, адал азамат болуға тәр­биелеуі білім берудің шынайы мақсаты болып табылады.

Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қия­нат жасамау сияқты жалпы­адамзаттық құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз ке­мел адам деп атауға болады. Ендеше еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваны «кемел адам» деп атаған орынды. Өйткені Сара Алпысқызы еліміздің білім беру жүйесіне алғаш рет рухани-адамгершілік білім беру идеясын ұсынған және осы уақытта «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы ретінде оның жүзеге асырылуына үлкен қолдау көрсетіп, қажырлы еңбек сіңіріп, орасан зор еңбек етіп отыр.

Алтын жүректі анамыз Сара Алпысқызы – мейірімділік пен қайырымдылықтың жаршысы. Қамқор анамыздың еңбегіне ел риза болып, шапағатын көрген жұртшылық шын жүректен алғыстарын жаудырып, үнемі ыстық ықыластарын білдіріп жатады.

Сара Алпысқызының ұста­нымы – жас ұрпақты барша адамзат баласын сүюге, таза жү­ректі болуға, қайырлы іс жа­сауға шақыру. Осындай ізгі ті­лектің, игілікті істің үлгі­сін өзі көрсетіп келеді. Сара Ал­пысқызы өскелең ұрпақ­тың сүйіспеншілік, қайы­рым­дылық, жақсылық құн­дылық­тарын өмірлеріне арқау етіп, ба­қытты ұрпақ болып өсуі­не тілек­тестік білдіріп, зор үміт артады.

 

Рабиға ІЗҒҰТТЫНОВА,

«Бөбек» ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді дамуы институтының жетекші ғылыми қызметкері,

педагогика ғылымдарының кандидаты

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

17.08.2018

Өзбекстанға Қазақстан арқылы өтетін автокөлік ағыны көбейді

17.08.2018

Озық идеядан – өндіріске

17.08.2018

Қазақстан және Германия Сыртқы істер министрлері екі елдің ынтымақтастығын талқылады

17.08.2018

Балаларға лагерь, лагерьлерге қаражат жеткіліксіз

17.08.2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

17.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Тайынша май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

17.08.2018

Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді

17.08.2018

Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр

17.08.2018

Ауыл кооперативінің артықшылығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу