Парламент • 13 Ақпан, 2018

ЕАЭО үшін кедендік баждарын бөлу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

ЕАЭО үшін кедендік баждарын бөлу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Заң жобасының негізгі мақсаты ЕАЭО мемлекеттерінің баждарды бөлудегі бірдей тәсілін қамтамасыз ету және мүше елдер үшін кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтерін қайта қарау болып табылады. Хаттаманы ратификациялау бірдей тәсілді және ЕАЭО мемлекеттерінің бюджеттеріне баждарды тұрақты бөлу мен есепке жатқызуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.