Қазақстан • 13 Ақпан, 2018

Елордада дабылды ескерту жарияланды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада алдағы екі күнде күн райы өзгеріп, бұрқасын күтілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты «Казгидромет» РМК.

Елордада дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 ақпан күні Астана қаласында құбылмалы ауа райы сақталып, қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -16…-17°С, күндіз -13...-15°С.

15 ақпан күні құбылмалы ауа райы сақталады, аздап қар жауып, жел тұрады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23°С, күндіз -16...-18°С.