Қазақ мұнай өндірісіндегі ардақты азамат - Құмар Балжанов

Жер бетінде тіршілік дәнін теріп жеп, шапқылап жүрген әр пенденің ғұмыр жолына тереңірек үңілсең, бірде мұңайтып, бірде шаттандыратын тағдыр шіркіннің шынайы бол­­мысы түндігі түрілген ша­ңы­рақ­тан себезгілеген күн сәу­ле­сін­дей болар-болмас сезілер еді..

Егемен Қазақстан
14.02.2018 2769

Қазақ мұнай өндірісіндегі аса ардақты азаматтың бірі Құмар Балжанов еді. Өткен шақпен амалсыздан сөйлейсің. Бар ғұмырын желдің өтінде, ырғалған качалкалардың қасында өткізген Құмар Қайырбайұлының ғазиз жүрегінің тоқтағанына да бір жылдай мерзім зырылдап өте шығыпты. Қазақ даласы революция, большевик, коллективизация дегеннің не екенінен мүлдем бейхабар мамыражай кезеңде Құмекеңнің арғы аталары бүгінгі Атырау облысының Қызылқоға ауданының аумағындағы Сарыкөл деген құйқалы өңірді қоныстаныпты. Аталарының бірі алды төрт түлік малға толып, сақилықпен аты шықса, ал енді біреулері бір қауым елге билік жүргізіп, болыстықтың да дәмін татқан. Қылышын қайқаңдатқан қызылдың екпіні, кімнен кегін ала алмай өршіленген ақтың ызғары, одан қалды ашаршылықтың қыл бұрауынан аман қалу үшін бұл әулет амалдың жоқтығынан қалың ел жөңкілген Доссор, Мақатқа қарай бет бұрған.

Ол кез Доссордың аталарымыз «қара май» деп атаған мұнай жарықтықпен атағы аспандап тұрған кезең. Ембіге кейіпкер іздеп келген классик К.Паустовскийдің аңқа кептірген аңызақ пен сүйегіңнен өтер қара суықтан қаймықпай бейнет кешіп жүрген май-май мұнайшыларға қарап: «Ерлік дегеніміз – Доссор екен ғой», деп басын шайқап, жағасын ұстайтын сол жылдары Құмекең тап осы Доссорда дүние есігін ашады. Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңінде 13 жасар Құмар жергілікті мұнай кәсіпшілігінде еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға барынша үлес қосқан. Белі бесіктен шықпай жатып бейнетке жегілген Құмарды әкесі Гурьевтегі мұнай техникумына оқуға түсіреді. Кейіннен И.М.Губкин атындағы мұнай институтын бітірген жас инженер Құмар Балжанов ешқайда табан аудармастан мұнай өндіру саласына 50 жылдан астам ғұмырын арнапты.

Елуінші жылдардың аяғы мен алпысыншы жылдардың басында елімізде ірі кен орындары ашыла бастады. Әсіресе 1959 жылы ашылған Прорва кеніші елімізде күрт төмендеп кеткен мұнай өндірісін жаңа сатыға көтеруге тың леп қосты. 1963 жылы Прорва өз алдына енші алып, мұнай өндіретін басқармаға айналды. Жаңадан шаңырақ көтерген басқармаға бас инженер болып Құмар Балжанов тағайындалды. Ол осы қызметте бар болғаны 3 жылдай ғана еңбек етіп, кейіннен басқарма басшысы болып тағайындалды.

Ұжымның тізгінін қолға алған Құмекең «Прорва» мұнай-газ өндіру басқармасының жұмысын ақсатып алмас үшін көптеген шаруаларды кезек күттірмей қолға алды. Жоспарлы, кешенді геологиялық барлау жұмыстарын кеңінен жүргізуге аса мән берді. Геологиялық барлау жұмыстарын сапалы жүргізіп отыру арқылы да мұнай-газ өндіру көлемін еселей түсуге болатынын Құмекең жақсы білді. Сонымен қатар бұрын бұрғы салынбаған тың өлкеде жан-жақты дамыған инфра­құры­лым да жоқ болатын. Кен орнын өр­кен­дету бағытында тұрмыстық және өнді­рістік қиындықтарды оңынан шеше білу­дің өзіне үлкен күш-жігер қажет. Күн-түн демей, ауыр климат және уақыт­пен санаспастан еңбек етіп жүрген бұр­ғы­шылардың тұрмыстық қажетін ол оңынан шеше білді.

Прорваның ауыр климатына байланысты  бір естелік әңгіменің ұшы еріксіз қылтияды. Кезінде Қазақ КСР Орталық партия комитетінің салалық хатшысы мұнайшылардың тыныс-тіршілігімен жақыннан танысайыншы деген мақсатпен Прорваға ат басын бұрыпты дейді. Жан-жағын жапырып кетердей болып келген астаналық дөкей Прорваның аспанға көтерілген алашаңдағын көргенде дереу есін жиса керек. Алатаудың баурайында бал татитын суды сіміріп отырған әлгі дәу бастық мұнайшылардың ауыз суға зәрулігін көргенде амалсыз жағасын ұстаған кө­рінеді. Құлсарыға қайтар жолда, қасын­да­ғы аудандық партия комитетінің бірін­ші хатшысына қарап:

«Ойпырм-ой, ит арқасы қиянда, мынандай адам төз­гісіз климатта жұмыс жасап жүрген әр мұнайшының кеудесіне Социалистік Еңбек Ерінің «Алтын Жұлдызын» ой­лан­бастан тақса да артықтық болмас еді», деп бас шайқапты дейді. Екінің бірі шыдас бермейтін Прорва Құмар Балжановты әбден шыңдады. Ол осы басқармада еңбек еткен кезінде тәжірибесі әбден толысып, нағыз бесаспап маман атанды. Мұнайшылар арасында төмендегідей әңгіме бар. «Егер Прорвадан дер кезінде мұнай көзі ашылмағанда, Теңіздің иен байлығына қолымыз мүлдем кешігіп жететін еді. Себебі «Теңіз» құрылымын іздеуге Прорваның бұрқағы жетеледі. Тереңдігі тұз астында мұнайдың мол қорының барлығына сендірген де – Прорва. Сонда салынған тұрғын үйлер мен өндіріс ба­засы, тұтастай инфрақұрылым Теңіз­ді қорықпай, жасқанбай игеруге сенімді жағдай туғызды». Бүгіндері Қазақстанның атын әлемге танытқан Теңіз кен орнын алғаш ашушылардың бірі ретінде Құмар Балжанов авторлар құрамының сапында 1995 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Айтпақ­шы, Теңіз кенішінен алғашқы мұнайды алудың машақаты да жетіп артылатын. Теңіз мұнайының құрамында газбен қоса күкірт қышқылының 25 пайыздай болғандығынан-ақ өзі, оның қаншалықты зиян екендігін ойша бағамдай беріңіз. 1981 жылы №1 скважинаны толықтай сынақтан өткізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы ретінде Құмекең бастаған мұнайшылар Атыраудың аңқа кептірген аңызағында Теңіз кен орны­ның басында 3 ай жатып, бейнетке бел­ше­сінен батып еді. Оны бүгіндері біреу білсе, біреу білмейді.  

Құмекеңнің айшықты қолтаңбасы қазақ мұнайының қарашаңырағы бүгінгі «Ембімұнайгаз» компаниясында қалды. Осы бірлестікте Құмекең 11 жыл бойы бас инженер болып, табан аудармастан еңбек етті. Күні бүгінге дейін ең ірі мұнай өндіру бірлестігіне бас инженер болып осыншама мерзім еңбек еткен бірде-бір инженер жоқ екен. Осыған қарап-ақ Қ.Балжановтың өз кәсібін терең меңгерген білікті маман екендігін аңғарасың. Құмекең «Жайықмұнайгаз» басқармасына басшы болған кезеңде өзінің іскерлігін, басшы ретіндегі биік беделін айқын көрсете білді. Ол мерзім тәуелсіздігімізді жаңа ғана иеленген әрі нарықтың уақытша қиыншылығы қос өкпеден қаттырақ қысқан бұлғақты жылдар еді. Құмекең тап осы заматта тек мұнай өндіруді ғана емес, аудан халқының әлеуметтік жағдайына да  көбірек бас қатырыпты. Жаңа типтік үлгідегі балалар бақшасы мен шетелдік қондыр­ғылармен жабдықталған құры­лыс материалдарын даярлайтын зауыт аталған басқарманың қаражатына тұр­ғы­­з­ылған еді. Тіпті аққыстаулықтар кү­ні бүгінге дейін құны бір миллион доллардан астам қаржыға Құмекеңнің шет­елдік медициналық аппараттармен аудандық аурухананы жабдықтағанын жыр қылып айтады. Мұндай батыл қадам­ға елі мен жерін, замандастарын шы­найы қадірлейтін атан жілік азамат қана бара алатыны белгілі.  

«Жарық көзі ретінде мұнайға ештеңе тең келмейді: бұл жаңа дәуір жарығы» деп баға берген екен Америкада мұнай туралы жазылған алғашқы кітаптың авторы. Бүгіндері дүниежүзі атын айтса елең ете түсетін, ондаған жылдар бойы жусанды далаға шуақ шашып тұрған мұнай атты «жаңа дәуір жарығына» жарты ғасырдан астам ғұмырын арнаған, дуадақ қонар бозтөбедей биік, арыстан жал­ды азамат Құмар Балжановтың есімі қазақ мұнайының тарихына алтын әріп­тер­мен жазылатыны сөзсіз.

Алақандай ғұмырыңды айшықтан­ды­рып, мәртебеңді биіктетіп, айбарыңды асқақтатып жіберетін бұл тағдыр шіркін­нің жомарттығын қойсаңшы... 

Кенжебек ТҰМАНБАЙҰЛЫ,
Қазақстанның құрметті журналисі,
Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

25.05.2018

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытай Гран Приінен 3 медаль алды

25.05.2018

Рудныйда Бақытжан Сағынтаевқа «Ақылды құс фабрикасы» жобасы таныстырылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысының аграршыларымен кәсіпкерлік туралы жаңа заңды талқылады

25.05.2018

Азаматтардың барлық санаттарына арналған арзан пәтерлер сатыла бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу