Қазақстан • 14 Ақпан, 2018

Былтыр Ресей Федерациясының жалдауынан 11,6 мың гектар жер қайтарылып алынған

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңырды дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейдің арасында қаланы ұзақ мерзімді дамытудың бірлескен бағдарламасы жасалды, оның шеңберінде қаланың тіршілік ету орталықтарының жай-күйін жақсарту және тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары басталды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуінде айтылды.

Былтыр Ресей Федерациясының жалдауынан 11,6 мың гектар жер қайтарылып алынған

Одан бөлек, келіссөздердің нәтижесінде 2017 жылы Ресей Федерациясының жалдауынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін 11,6 мың гектар жер қайтарылып алынған. Қазір Ресей тарапымен жалдаудан 3,4 мың гектар жерді алуға келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Байқоңыр қаласын газдандыру, 5 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен жабдықтау және жалпы су жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды.

Сөз соңында Қырымбек Көшербаев, «Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында барлық салаларда озық ақпараттық-технологияларды қарқынды түрде енгізу міндетін қойған болатын»,- деп атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттің де, бизнестің де барлық ресурстары дамудың стратегиялық мақсаттарына жетелеуі қажет. Қызылорда облысы «Қазақстанның ауқымды дамуына», өзінің барлық табиғи және адами ресурстарымен елдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сапасының артуына да атсалысуы керек», - деді облыс әкімі.