Футбол • 14 Ақпан, 2018

Станимир Стойлов, «Астана» командасының бас бапкері: Кабананганың орнын Деспотович басады

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» - «Спортинг» арасындағы матчтың алдында бас бапкерлер баспасөз мәслихаты өтті.

Станимир Стойлов, «Астана» командасының бас бапкері: Кабананганың орнын Деспотович басады

- Ертеңгі ойын біздің команда үшін өте маңызды болмақ. Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, біраз тер төктік. Енді сол дайындығымызды ертең көрсете алсақ болар еді. Кездесудің фавориті «Спортинг» екені анық.  Дегенмен, қарсыласты сыйлағанымызбен, одан еш қорықпаймыз.

- Командадан Срджан Гроховацтың кетіп қалғанын қалай түсіндіресіз?

- Әрине, ондай футболшыны жоғалту оңай емес. Біздің команданың ойынын жақсы түсіне білетін футболшы еді. Алайда, Қазақстанда өздеріңіз білетіндей легионерлерді шектеу заңы бар. Соның салдарынан Срджанмен қоштасуға мәжбүр болдық. Ұжымға алатын 8 легионердің ішінде оған орын табылмады.

-  Кабананга кеткеннен кейін командаңыздың негізгі шабуылшысы кім болады?

- Әрине, Кабананганың кеткені оңай тиген жоқ. Ол еурододаларда тәжірибиесі бар, пайдалы футболшы еді. Енді оның орнын Джордже Деспотович басады. Бапкерлер штабы мен футболшылар оған сенім артып отыр. Ол болмаса бізде Щеткин мен Мұртазаев бар. Кез-келгені орталық шабуылшының рөлін сомдай алады.

- Марин Томасов оқу-жаттығу жиындарында жақсы ойнады. Әсіресе оң қапталды. Кейіннен Сіз оны сол қапталға қойдыңыз. Нақты шешім қабылдай алмай жүрсіз бе?

- Патрик Твумаси оң қапталда жақсы ойнайды. Еурокубоктерде солай болды. Бәріңіз көрдіңіздер. Егер оң қапталда Патриктің ойыны жүрмей жатса, матч барысында екеуінің қапталын ауыстырып көреміз. Томасов оң қапталда тәуір ойнайды екен деп, екі қапталымнан айырылып қалатын жайым жоқ. Патрик оң жақта, Томасов сол жақта жүретін болады.

Еркебұлан Жомарт