Сапалы дамудың жаңа жолы

Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын­да­ғы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жол­­дауында терең әрі тез дамыған тех­но­­­логиялық, эко­но­­­ми­­­ка­­лық және әлеуметтік өзгеріс­тер­дің дәуірі тұсында «Қазақстан-2050» стра­тегиясы қабылданғанын атап өтті.

Егемен Қазақстан
15.02.2018 3118
2

Бұл бастама Қазақстанды әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосуға және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде Ұлт жоспарының алпыс қадамы орындалып қойды, ал қалғаны ұзақ мерзімді, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Сонымен қатар Қазақстанды үшінші жаңғырту, «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы жүзеге асып, 2025 жылға дейін Республиканы дамыту стратегиясы әзірленді.

Қазақстанның табысы маңызды екені анық. Сондықтан елде төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін кең көлемде енгізуге негізделген сапалы дамудың жаңа жолы қажет. Осы орайда бұған дейін қабыл­данған құжаттарға қосымша ретінде бірқатар мәселелерге назар аудару керек болады.

Біріншіден, Қазақстан Президентінің Жолдауы – мемлекеттің өмірлік іс әрекетіне қатысты бүкіл саланы қамтып, нақтылық пен орындалуы тұрғысынан ерекше түзілген. Екінші­ден, өзінің күн тәртібінде тұрған және көкей­кесті мәселелерді барынша қамтыған көлемі және маңыздылығы жөнінен таңғалды­рады. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінде Президент аграрлық уни­верситеттердің рөлін арттыру, жаңа тех­нологияларды трансферттеу мен оларды елдегі жағдайға бейімдеумен айналысатын аграрлық ғылымды дамыту мәселелеріне назар аударудың маңыздылығына тоқталады.  «Қазақстанда жасалған» табиғи өнімдерінің брендін алға жетелеп, әлемде танымал етуге шақырады.

Үшіншіден, Н.Назарбаев алдағы 5 жылда агроөнеркәсіп кешенінің өндірісін ұлғай­тып, ауыл шаруашылығы өнімдерін кемін­­де 2,5 есеге көбейтуге және таяу арада ақыл­ды көліктік жүйе енгізуге тапсырма берді. Бұл қадам көлік жүйесінің ағынын реттеуге, даму инфрақұрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Президенті тың мәселелерді шешуге әрдайым шығармашылық тұр­ғысынан қарап, түйткілдердің бәрін ақылға салып қарауымен ерекшеленеді. Оның Жолдауында алға қойылған міндеттерде ақыл-ой сипаты жиі қолданылды. Мәселен, Жолдауда «Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады» делінген. Меніңше, осы арқылы дамыған елдердің әлемдік элитасының өркениетті қоғамына енудің бірегей әрі баламасыз тәсілі көрсетілген.

Президент банктердің рөлі мен эконо­мика­лық жауапкершілігін түсіндіре келе, қоғам алдына маңызды мәселелер қояды: «Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банк­терден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс. Ұлттық банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек. Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?» Осы арқылы Президент мемлекеттің болашағын ойлайтын көрегендігін көрсетеді.

Жолдауда жастармен жұмыс жүргізудің, Қазақстанның жас буынын тәрбиелеудің маңызы тағы да ерекше аталып өтіледі. Елге «Білім берудің жаңа сапасы», «мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» қажет. Сонымен қатар «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйе» құрудың да маңызы зор. Бұдан бөлек «бірегей ұлт» ретінде ұсынылған азаматтық қоғамның жаңа тезисі де қызықты әрі маңызды. Онда «кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндігі» бар екені айтылады. Сондай-ақ қазақ тілі ғұмырлы болуы үшін «оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтау» қажеттігі де көрсетілген.

Президент 2018 жыл Астананың 20 жыл­дық мерейтойы екенін еске түсіре отырып, инвесторлардың мемлекетті емес, жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы қала­ны таңдайтынын, сондықтан Астананың тәжі­рибесін ескере отырып «Смарт Сити» стан­дартын енгізіп, Қазақстандағы қалалар арасындағы үздік үлгілермен алмасудың маңыздылығына тоқталады.

Жолдауда мұндай маңызды мәселелер көп кездеседі. Нұрсұлтан Назарбаевтың жарқын келешекке қадам басқан өз халқының экономикалық жағдайы мен көңіл-күйін дәл баса білуі қайран қалдырады. Біз, өзбекстандықтар, қайырымдылық үдерістері өзара әріптестікке, аймақтың мүддесіне жұмыс істеп жатқан көршіміз және бауырларымыз үшін ерекше қуанамыз.

 

Ало ХОДЖАЕВ,

философия ғылымдарының кандидаты, тәуелсіз журналист

Өзбекстан

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.12.2018

Алматыда «Сиқырлы әуендер» киноконцерті өтті

18.12.2018

Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

18.12.2018

Қарағандының 2018 жылғы аруы белгілі болды

18.12.2018

Қарағанды облысында спорт кешені пайдалануға берілді

18.12.2018

«Астана» велоклубының жаңа маусымдағы құрамы анықталды

18.12.2018

«Айка» фильмі «Оскар» жүлдесіне үмітті картиналар тізіміне енді

18.12.2018

Отырарда «Оқсыз» спорт кешені ашылды

18.12.2018

Үндістанда ауруханадағы өрттен 6 адам қаза тапты

18.12.2018

Бүгін Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

17.12.2018

Алтын домбыра иесі анықталды

17.12.2018

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік құрбандарына ас берілді

17.12.2018

Чемпиондар Лигасының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі өтті

17.12.2018

Жамбыл өңірінде 28 нысан ашылды

17.12.2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

17.12.2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

17.12.2018

Гиннестің рекордтар кітабына енген Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады 

17.12.2018

Татарстандағы қазақ студенттері Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу