«Теңізшевройл» ЖШС:  25 жылдық мерейлі меже

Еліміздің экономикасының еселенуіне, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосып жүрген бірлескен компаниялар аз емес. Қазақстан Үкіметі мен дүние жүзіндегі ең ірі корпорациялардың бірі «Шеврон» корпорациясы арасындағы 40 жылды қамтитын келісімшарттың негізінде іргесі қаланған «Теңізшевройл» ЖШС осындай аса ірі бірлескен компаниялардың санатында.

 

Егемен Қазақстан
15.02.2018 7823

1993 жылғы 6 сәуірде Елбасы Н.Назарбаев пен «Шеврон» корпо­ра­ция­сының сол кездегі президенті Кеннет Дерр Алматы қаласында «Теңізшевройл» бір­лескен кәсіпорнын құру туралы келі­сім­ге қол қойған болатын. Қазақстан үшін ғана емес, «Шеврон» корпорациясы үшін де бұл мәміле 1970-ші жылдардың ба­сынан бергі ең ірі халықаралық мәміле болып табылатын. Осы Қазақстан-Америка мұнай келісімшартына қол қойылуының бүкіл дүние жүзі үшін эко­номикалық қана емес, саяси маңызы бар оқиға болғаны анық.

Құрылғанына биылғы жылдың сәуір айында 25 жыл толатын компания осы ширек ғасыр ішінде қазақстандық көмір­су­тегі өндірісінің жаңа биікке көтерілуі ора­сан зор үлес қосты. «Теңізшевройл» ЖШС сан миллиард инвестицияны ти­ім­ді игерудің және шетелдік озық тех­но­логияларды Қазақстандағы кені­ш­те­р­дегі өндірісте қолданудың үлгісін көр­сетіп, отандық мұнай-газ өндірісінің ин­фрақұрылымының түбегейлі қайта құ­рылуына, өндіріс базасының әлденеше есе кеңеюіне мұрындық болды.

1993 жылдан бергі аралықта «ТШО»-ның Қазақстан тарапына төлеген төлем­де­рінің жалпы көлемі 125 миллиард АҚШ долларынан асады. Тек өткен жылдың өзін­де республикамызға төленген тікелей төлем­дері 8,5 доллардан аса түскен. Осын­ша қаржыға отандық мамандарға ең­бек­ақы төленіп, жергілікті тауар өн­ді­рушілердің өнімдері, мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ди­ви­денттері, мемлекеттік бюджетке түскен салық пен роялти және басқалары кіреді.

Соңғы жылдары «Теңізшевройл» шикізат өндіру көлемін арттыра түскенін атап өту керек. Мәселен, 2017 жылы ком­па­­ния «Теңіз» кенішінен барлығы 28,7 мил­лион тонна (229 миллион баррель) мұнай өндірді.

Құрылғанына 25 жыл толатын дөң­ге­лек дата қарсаңында «Теңіз» кенішінде тір­кел­ген тағы бір көрсеткішті атап өту ке­рек. 2017 жылғы маусымда кен орнынан алынған шикізат көлемі 3 миллиард баррель­дік (375 миллион тонна шамасында) межені бағындырды. Қазіргі таңда жыл сайын 26-27 миллион тонна өнім алатын бірлескен кәсіпорын то­лық қуатын іске қосу жұмыстары аяқ­тал­ған­нан кейін бұл көрсеткішті жы­л­ына 39 миллионға дейін арттырады деп жос­пар­ланған. Бүгінгі таңда ке­ні­ште 130 ұңғы болса, бұрғылау жұ­мыс­тары жос­парының аясында 2022 жыл­ға дейін тағы 100 ұңғыны іске қосу жос­пар­лан­ғанын атап өткен жөн.

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіп­орны­ның мұнай өндіру технологиясы бө­лі­мінің менеджері Руслан Қуатовтың айтуынша, «қара алтынның» және табиғи газдың өндіру көлемінің артуына «Теңіз» бен «Қарашығанақ» мұнай және газ конденсатты ең ірі кен орындары айтарлықтай әсер етіп, рес­пуб­ликамыздың индустриялық даму­ы­на ауыз толтырып айтарлықтай сеп­ті­гін ти­гізді. Маманның айтуынша, Кас­пий теңізінің қазақстандық секторын­да ауқымды мұнай-газ өндіру опе­ра­ция­­ла­рын тиімді іске асыру қазіргі за­ма­н­ғы өндірістік және әлеуметтік ин­фра­қ­ұрылымды қалыптастырып, оны дамыту жолдарына игі ықпалын тигізеді. Қазақстанның ірі мұнай-газ қоры – нағыз инвестицияның көзі.

– Мұнай-газ секторының эконо­ми­калық әлеуетінің өсуі – бүкіл елде мұ­най өндіру көлемінің ұлғаюы арқылы қам­та­масыз етіледі. Шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту «Теңіз» кен орнында мұнай өндіруді арттыруға және дамытуға мүмкіндік берді,– дейді Руслан Қуатов.

Осыған қосарымыз, тәуелсіздік алған уақыттан бергі аралықта мұнай өндіру жылына 28,7 миллион тоннаға дейін өсті

«Теңізшевройлдың» қазақстандық қамтуды дамыту стратегиясының басты аспектісіне тоқтала кетейік. Ол мұнай-газ индустриясымен ынтымақтастық байланыста халықаралық сапа мен стандарттарды сақтай отырып, қазіргі бар және ықтимал жабдықтаушылармен жұмыс жасауға негізделген. Халықаралық озық стандарттарға жауап беретін отандық тауарлар мен қызметтер нарығымен байланысты ұдайы дамыту компанияның үздіксіз даму стратегиясының іргетасы болып табылады.

Компанияның қазақстандық қамту бойынша міндеттерін орындауы үшін тау­арлармен және қызметтермен жаб­дық­таушыларға ұзақ мерзімді мүм­кін­діктер берілуі тиіс. Сол себепті «ТШО» инфрақұрылымға, қазақстандық кадр­ларды оқыту және жұмыс орында­рын ашуға қажетті инвестициян­ы тар­ту арқылы қазақстандық жаб­дық­тау­шы­ларды тұрақты дамытуды қол­дау­ын жалғастыра бермек. 2017 жылы ком­­пания қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 2,5 миллиард
АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсапты. 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық компаниялардың 24 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланғанын ерекше атап өткен жөн.

Қазақстандағы аса ірі бірлескен ком­пания еліміздегі әлеуметтің бағдар­ла­малардың жүзеге асырылуына да сүбелі үлес қосып жүргеніне тоқтала кетейік. Мәселен, «ТШО» құрылған күннен бастап қызметкерлері мен жергілікті тұр­ғындардың игілігі үшін Атырау об­лысының әртүрлі әлеуметтік жобала­рына 1,43 миллиард доллардан астам қар­жы жұмсады. Өткен жылы «Игілік» ерік­ті әлеуметтік инфрақұрылым бағ­дар­ламасының бюджеті 25 миллион долларды құрағаны атқарылған қыруар жұ­мыстың бір бөлігі ғана. Аталмыш қар­­жының басым бөлігі өңірдегі бала­бақшалар, мектептер және басқа да әлеу­меттік нысандардың құрылысына жұм­салуда. Соның арқасында бас-аяғы 1 жыл ішінде аймақта 7 балабақша, 3 мектеп, 3 мәдениет үйі, 3 дене шынықтыру-са­уық­тандыру кешені және облыс орта­лы­ғын­дағы ретро-саябақ сынды нысандар пайдалануға берілген.

Қазақстандық көмірсутегі өндірі­сі­не ерекше серпін беріп келе жатқан ком­панияның келешек жоспарлары да ауқымды. 2016 жылы «ТШО» серік­тес­тері Теңіз мұнай кен орнының өн­дірістік қуатын арттырудың жаңа ке­зеңі болып табылатын келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысым­ды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қар­жы­ландыру жөніндегі ақырғы ше­шімнің қа­былданғаны туралы жариялаған-ды. «ТШО»-ның өндірістік қуатты арттыру мақсатында табысты түрде жүзеге асы­рыл­ған алдыңғы жобасының тә­жіри­бе­сін негізге ала отырып, ККЖ өн­діріс қуатын жылына шамамен 12 миллион тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге ұлғайтты. Осының арқасында болашақта мұнай өндірісінің жылдық кө­лемін шамамен 39 миллион тоннаға немесе тәулігіне 850 мың баррельге жеткізу көзделіп отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында құрылған «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны алдағы уақытта «қара алтын» өндіру көлемін одан әрі арттырып, сол арқылы ел экономикасына үлес қосуды, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етуді жалғастыра беретін болады.

 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы күміс алды

21.08.2018

Атырау облысының шалғайдағы елді мекендеріне газ тартылады

21.08.2018

Азиада-2018: Таэквондошы Жансель Дениз ел қоржынына күміс жүлде салды

21.08.2018

Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21.08.2018

Өзбекстанның Премьер-министрі жол апатына ұшырады

21.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды

21.08.2018

Астанада дәрігерлерге арналған жатақханалар салынады

21.08.2018

АҚШ-тың Мемхатшысы Құрбан Айт мерекесімен құттықтады

21.08.2018

Астанаға Түркия Жандармериясының басшылығымен арнайы делегация ресми сапармен келді

21.08.2018

Кооператив күш біріктіреді

21.08.2018

Шыңғыстаудағы Шәкәрім тойы

21.08.2018

Егемен ашқан есімдер: Егіз өрім

21.08.2018

72 сағатта 35 метр бөкебай тоқыған

21.08.2018

«Тақиялы періштені» төрткүл дүние көреді

21.08.2018

Жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

21.08.2018

Шындық жұтқан тағдыр

21.08.2018

Шариғат жайлы шығарма

21.08.2018

Бұқар жырындағы бүгінгі тұрпат

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Өмір – әділ

Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қа­рама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу