Болат САЙЛАН,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры: Ауған соғысы нақты бағасын алған жоқ

Бүгін – Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 29 жыл толады. Дүние жүзін бөліске салған екі жүйе арасындағы қақтығыстың шарықтау шегіндегі бұл соғыс талай тағдырларды жалмады. Оның тарихындағы аумақтар әлі де жетерлік. Төменде оқырман назарына ұсынылып отырған сұхбатта соның кейбір себептері айтылды.

Егемен Қазақстан
15.02.2018 6908

– Болат Санабайұлы, соғыс­қа солдат ретінде қатысу бар да, сол соғысты тарихшы ретінде зерттеу бар. Ауған соғысының ақиқатын ашуда материалдарды қайдан, қалай таптыңыз, ең алдымен неге сүйендіңіз?

–  Әскерден келгеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­­тық университетінің тарих фа­культетіне оқуға түстім. Сөй­тіп мен оқу бітіргенде Кеңес әс­кер­лерінің шектеулі континн­генті Ауғанстаннан әкетіліп, оған 1989 жылдан бастап саяси баға беру басталды. Сол сәтте менің Ауғанстанда әскери борышымды өте­­генімнен хабардар тарих ғылым­дары­ның докторы, профессор Керейхан Ра­қымжанұлы Аманжолов ағамыз ғылым жолын таңдауыма кеңес берді және өзі ғылыми жетекші болатынын айтты. Тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Асылхан Құрманбаев, Кеңес Нұрпейісов сынды ғалымдар ұстаздық әрі ағалық қамқорлықтарын көрсетті.

90-жылдардың басында менің тақы­рыбыма қатысты еңбектер аз болды. Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қа­тыс­ты жарияланымдар Ресейдегі «Ком­мунист вооруженных сил», «Военно-исторический журнал», «Крас­ная звезда», «Комсомольская правда» және т.б. басылымдарда жария­ланды. Бірақ бұл материал­дарда қазақстандықтар туралы айтылмады. Сондықтан қазақ­стандықтардың бұл соғысқа қатысуы мен олардың шығынын білу үшін ста­тистикалық мәлі­меттерді анық­тауда көп тер төгуге тура келді. Ал­ды­мен Алматы қа­ла­­сындағы «Ауған соғы­сы арда­герлері ұйымдарының» жеке мұ­рағат қорларын, осы қала­дағы офицерлер үйінің қор­лары мен кітапханасын (қазір­гі Армия үйі), Қорғаныс ми­нистр­лігінің мұрағатын, Ресей­дің Подольск қаласында орна­­лас­қан әскери мұрағатты, соғыс­­қа қаты­­сушылардың жеке мұра­ғатын, Ғылым академиясы мен ұлттық кітапхананың қор­ларын, әрбір облыстағы Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары мен мұрағат қорларын және осы соғысқа қатысты қандай да бір дерек табылады-ау деген орындар­дың барлығын зерттедім.

Ең қиыны қазақстандықтардың қаты­суы мен шығынын облыстар бойынша жеке саралап шығу болды. Өйткені Қазақстанда бұл жөнінде еңбектер ол кезде жоқтың қасы еді.

– Ауғанстандағы қырғын­ды көз­­бен көрген, кейіннен зерттеген ғалым ретінде айтыңызшы, бұл соғыс қимыл­дарын қалай баға­лауымыз керек? Жал­пы ал­ған­­да, Ауған соғысы өзінің та­­ри­хи бағасын ала алды ма?

– Ауған жанжалының бүкіл әлемді дүрліктіргені, әсіресе сол кезде КСРО құрамында болған он бес одақтас рес­публика халқын қатты абыржытқаны, мырыш табыттардың бірінен кейін бірі елге судай ағылғаны бұл жерде әскери қимылдар емес, шығыны көп соғыстың болғанына нақты дәлел. Сон­дықтан да болар, сол кездегі КОКП ОК мен КСРО Министрлер кеңесінің 1983 жылдың 17 қаң­тар­дағы қаулысымен барлық Ауған соғысына қатысушыларға «Жеңіл­дік туралы куәлік» беруге мәжбүр болды. Өйткені бозда­ғынан айырылған ана, аяқ-қолдан айырылған мүгедек, контузия алған жауынгер, із-түзсіз кеткен сарбаз және т.б. саны көбейді. Мұндай шығын тек соғыста болады.

Ал бұл соғыстың тарихи бағасы туралы тоқталатын болсақ, Кеңес Одағының 1941-1945 жылғы фашизмге қарсы соғысы төрт жылға созылды. Бірақ та оның толық тарихын жазып шығу үшін жарты ғасырдан астам уақыт жеткен жоқ. Сондықтан да 40-армияның Ауғанстан аумағында тоғыз жылдан астам уақыт жүргізген әскери қимылдары әкелген зардабын жазып шығу да біраз уақытты талап етеді. 1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы бұл соғыс ХХ ғасыр тарихына күрделі және қарама-қайшы парақтар ретінде кіретіні, сонымен қатар оған берілетін баға да әлі талай уақыт­ты талап ететіні рас. Қалай айтсақ та бұл соғыс тарихқа енді. Оны ешкім өшіре алмайды.

– Қалай айтсақ та, бұл соғыс КСРО тарапынан бас­қын­­шылық кепте көрініс тапты. Ауған­стандағы соғыс барысында «Біз бас­қын­шы елдің әске­ріміз-ау» деген ой бол­­­ған жоқ па?

– Сол кездегі кеңестік идеология әрбір Ау­ған соғысына қатысушыға сіздер интер­националдық борыш­тарыңызды өтеу­ге барасыздар деп имандай сендірді. Еш­қандай жауынгер өзін басқыншымын деп ойлаған жоқ. Жауынгердің бар білгені Отан алдын­дағы берген антын адал атқару еді.

Басқыншы ретінде соғысып жүрміз деген ой ешкімде болған жоқ. Керісінше, берген антымды адал атқарайын деп алға ұмтылды. Мүмкін, сол уақыттағы тәрбие мен жүйе талабы солай болған болар...

– Ауғанстан соғысының зерт­­­те­лу­ деңгейіне оралсақ. Елі­­міз­де бұл мә­селе­мен айналы­сатын арнайы зерттеу инс­­титут­тары бар ма? Бұл жағынан бұрын­ғы КСРО көлеміндегі елдермен әріптестік мәселесі қай деңгейде?

– Зерттеу институттары бар деп айта алмаймын, бірақ ұйымдар мен қоғам­дық бірлестіктер бар. Бұл ұйымдар және жеке ардагерлер бұрынғы КСРО көле­міндегі әріп­тестермен әрқашан байланыста. Бір-екеуін айтар болсам, Ха­лық Қаһарманы, генерал-­лей­тенант Бақытжан Ертаев бас­қа­ратын «Ауған соғысы ардагерлер қауымдастығы», Бақытбек Сма­ғұл жетекшілігіндегі Ауған соғы­сы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауым­дас­тығы, Шәріп Өтегенов басқа­руындағы «Жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлері одағы» және т.б. ұйымдар. Мәскеуде Ке­ңес Одағының Батыры, Қазақ­станның тумасы Руслан Аушев бас­қаратын ТМД үкіметтері бас­­­шылары кеңесі жанындағы «Жа­уынгер-интернационалистер істе­рі жөніндегі комитет» бұрын­ғы он бес одақтас республика арда­герлері ұйымдарымен жұ­мыс іс­тейді. Бұл ұйым әсіресе соғыс­та із-түзсіз кеткендерді із­деп табуда біршама жұмыстар атқа­рып жатыр. Осы ұйымдардың мұрын­дық болуымен 2012 жылы екі жерлесіміздің, көкшетаулық Алек­сей Зуев пен түркіс­тандық Абдул­хаким Ергешовтің мәйіті туған жер топырағына қайта жерленді.

– Бір сұхбатыңызда қазақ баласы жасаған ерлікті басқалар­дың атына телу көп болды деп­сіз. Ол қандай ер­лік­тер еді?

– Кеңестік қоғамда орыс ұл­тының өкілдері батыр атағын көп алды. Ауған соғысында 86 адам батыр атағын алса, соның біреуі ғана қазақ. Ол – Қайыргелді Майданов. Оған да бұл атақ оңай­лықпен берілген жоқ. Екі рет Ауған соғысына қатысып, талай жауынгерді ажал аузынан аман алып, өзі мінген тік­ұшаққа тиеп үлгерген Майдановтың ерлі­гін Кремль мінсіз мойындауға мәж­бүр болды. Ауған соғысында қаһар­ман комбат, қазіргі Халық Қаһар­маны Бақытжан Ертаевқа да сол кезде-ақ батыр атағы берілуі керек еді. «Қара майор» атанған Борис Керімбаевқа, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлға бұл атақ бұйыр­мады. Қазақ жігіттерінің ара­сында екі реттен Қызыл Жұлдыз орденін таққандар бар. Мысалы, Өскен Сағұлов, Асхат Ауғанбаев және т.б. Олар да батыр атағына ла­йық. Қазақ жігіттерінің жасаған ерлігі өз деңгейінде бағаланған жоқ.

– Соғыс аяқталған соң жүргізілген статистикаға сүйенсек, Ауған соғысы­на қатысқандардың 30-40 пайызы психологтардың көмегіне зәру бол­ған дейді. Ауған син­дромын немен түсін­дірер едіңіз?

– Соғыстың қанды қырғыны­нан өткен адам тағдыры – қатал­дыққа толы, қай­шылықты, қиын тағдыр. Бұған әсер ететін фактор – посттравматикалық син­дром. Синдром әсерінен адамның қоғамдық ортадағы өзін-өзі ұстауы өзге­реді. Оның негізгі белгілеріне, бітімге келе ал­мау, бей­біт шешуге болатын қақ­тығыстарда тек де­не күшін қол­дану жатады.

Кеңестік кезеңде Ауған соғы­сынан оралған жауынгерлерге ешқандай психологтар бөлінген жоқ. Оны өзіміз де білмедік. Тек әскерден оралғанда 10 күн ауру­ханаға жатқызды, көбінесе жұқ­палы ауруды тексеру үшін. Бірақ уақыт өте келе соның зардабын тартып жүрміз. Менің өзім әлі күнге дейін кей кездерде соғыста жүргенім туралы түс көремін. Кейбір қаруластарымыз Ауған синдромын көтере алмай тағдырларын бұзып алса, кейбірі түрме табалдырығын да аттады. Осының бәрі Ауған синдромының әсері.

– Ауғанстанда қанша жыл бол­ды­ңыз?

– 730 күн, яғни толық 2 жыл менің әскери қызметім Ауған­стандағы 40-армия құрамында, кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің 201-дивизия сол­дат­тары­ның қатарында сапқа тұ­рып соғысқа қаты­сумен өтті.

– Қанша рет жарақаттан­дыңыз?

– Алла қолдап, денеме оқ тиген жоқ. Бірақ ауыр контузия алдым. Соның салдарынан әлі күнге дейін жылына екі рет ем аламын. Шетелге де барып емделдім.

– Сіз үшін соғыс философия­сы не­де?­

– Соғыс философиясы туралы Бауыр­жан Момышұлынан артық қазақта асырып айтатын адам жоқ болар. Баукең бір сөзінде: «Мен соғыс туралы жазамын, бірақ соғысқа қарсымын» – деген екен. Сол сияқты менің де жарияланған еңбек­терім соғыс тақырыбы мен батырларға арнал­ған. Соғыстың өз заңды­лықтары мен тактикасы бар. Егер қарсыласыңның көзін сен жоймасаң, ол сенің көзіңді жоя­ды. Қалай болғанда да Отанға қауіп төнген жағдайда қорғануға, соғысуға тура келеді.

Әңгімелескен Алмас НҮСІП,

журналист

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу