Бокстың болашағы бұлыңғыр ма?

Бір ғасырдан аса уақыттан бері Жазғы Олимпия ойындарының құрамдас бір бөлігі болып келе жатқан әуесқой бокс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпия ойындары мен биыл Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының жалпы бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін.

Егемен Қазақстан
15.02.2018 2877

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпия ойындарының қарсаңында Халықаралық Олимпиада комитетінің кезекті сессиясы өтті. Жиыннан кейін ХОК президенті Томас Бах журналистермен арнайы кездесіп, бокстың болашағы бұлыңғыр екенін айтты. Бах мырзаның айтуынша, соңғы уақытта бокс айналасында түрлі мәселе көбейіп кеткен.

«Біз AIBA-ның басқару ісіне алаң­дап отырмыз. ХОК атқарушы комите­тінің Халықаралық әуесқой бокс қауымдас­тығының (AIBA) басқарушылық, қар­жы­лық, төрешілік және допинг мәселелері жайлы берген есебіне көңілі толмайды. Сондықтан біз Буэнос-Айресте өтетін жас­тар арасындағы Олимпиада мен 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындарының бағдарламасынан боксты алып тастау туралы істі қарауға құқылымыз. AIBA-дан күмән тудырған жекпе-жектердің есептемесін алдық. Біз төрешілік туралы неғұрлым көбірек мәлімет сұратқан едік, әлі де сұратып отырмыз. Осыған қатысты көңіл толарлықтай ақпарат алғымыз келеді», деді Томас Бах.

Бах күмәнді жекпе-жектер деп Рио Олимпиадасындағы екі кездесудің нәтижесін айтып отыр. Оның біріншісі қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко жекпе-жегі болса, екіншісі тағы бір ресейлік Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан айқасы. Аталған күмәнді жекпе-жектерге қатысы бар деп болжанған Чинг-Куо Ву өткен жылдың соңына таман AIBA-ны 11 жыл басқарған қызметінен қуылған болатын. Сондай-ақ оған сыбайлас жемқорлыққа жол берді, қаржыны орынсыз игерді деген тағы басқа бірқатар айып тағылды. Қазір өзбекстандық Гафур Рахимов бұл ұйымды уақытша басқарып отыр. АҚШ-тың қаржы министрлігі Рахимов қылмыстық топты басқарды деп оған санкция салған. Сөйтіп осы мәселенің барлығы ХОК тарапынан бокстың болашағына алаңдаушылық тудырған. Ал AIBA тарапы бұл шешім өздеріне қатты соққы болып тигенін, дегенмен боксты жетілдіру үшін заман талабына сай қызықты әрі көрермен тартатындай реформа жүргізетінін айтады.

Жалпы, жүйе бойынша әр Олимпиада­ның алдында ұйымдастырушылар спорт пен жарыс ережелерін сұрыптап, кейбір спорт түрлерін қағып-сілкіп жатады. Мысалы, 1904 жылғы Олимпиададан бас­тап бүгінге дейін бокс спортында салмақ дәрежесі жеті рет өзгерген. Ең алғашқы Олимпиадада бокс­та жеті салмақ болса, келесі төртжылдықта салмақ саны беске дейін қысқарды. Ал 1920 жылдан 1942 жылға дейін салмақ саны артып, сегізге дейін жетті. 1952-1964 жыл аралығында – 10, 1968-1980 жылдары – 11, 1984-2000 жылдары 12 салмақ дәрежесі болса, 2004-2008 жылғы Олимпиада да салмақ саны қайта 11-ге дейін төмендеді. 2012 жылғы додадан бастап боксшылар сол уақыттағы ереже бойынша 10 салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүр. Мұндай артық салмақты «тазалау» тек бокста емес, кезінде Олимпиада дәстүрінен шығып қалуы мүмкін болған күрес түрлерінде де болған. Лондон Олим­пиадасынан кейін күрес түрлері Олим­пиада бағдарламасынан алынып тасталынуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда бұл дау салмақ санын қысқартумен аяқталған. 1996 жылы Олимпиадада 10 балуан күрессе, қазір олардың саны алтауға дейін қысқарған. Демек, тарихқа сүйенетін болсақ, алдағы уақытта бокстың тек салмақ дәрежесі ғана қысқаруы мүмкін. Әрине бұл тек біздің ғана жорамал. Соңғы шешімді ХОК шығаратыны анық.

2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпия ойындарында тағы да екі салмаққа қысқарып, қысқартылған салмақты қыздар боксына қосып беруі мүмкін. Бұл туралы былтыр Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеме жасаған болатын. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяда өткен комитеттің кезекті сессия­сында Бах гендерлік теңдік туралы да айтып қалды. ХОК алдағы Олимпия ойындарында гендерлік теңдік орнатқысы келеді. Олимпиадаға қатысатын әйел және ер спортшыларға теңдей жолдама беріп, медальдарды да тең бөлуді жос­парлайды. Ұйымның есебінше, әйел спортшылардың үлесі 2020 жылы өтетін жас­өспірімдер арасындағы Қысқы Олим­пиадада гендерлік теңдік толық орнайды. Бұл Токиода ерлер боксының салмақ дәрежесі азайып, қыздар боксында салмақ арта түседі деген сөзімізді тағы да қуаттай түсетін сияқты.

Қазірдің өзінде боксшылар мен бапкерлер арасында бокс дауы туралы пікірлер екіге бөлінген. Боксшылар арасында ең бірінші болып украиналық Олимпиада чемпионы Александр Усик Томас Бахқа боксты Олимпиадада қалдыруын сұрап, әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. «Олимпия ойындары кез келген боксшы үшін спорттың ең биік шыңы. Спортшылар сол шыңды бағындыру үшін өздерінің уақытын жаттығуға құрбан етіп, өмірін спортқа арнайды. Сол үшін сізден боксты Олимпиада дәстүрінде қалдыруыңызды сұраймын. Мен баршаңызды боксты қол­дауға шақырамын», деп желіде үндеу жасады. Бұл үндеуді бірнеше спортшы іліп әкетіп, өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Ал Усиктің жерлесі Евгений Хит­ровтың жаттықтырушысы Сергей Кри­ницкий боксты Олимпиададан алып тас­тау керек деп есептейді. Оның айтуынша, қазіргі таңда бокс былыққа белшесінен батқан, егер Токио Олимпиадасынан бокс­ты «сызып» тастайтын болса, AIBA-ның маңайындағылар ойланар еді дейді. «Еуропа чемпионатының жартылай финалында Хитров қарсыласын айқын жеген болатын, бірақ төрешілер жеңісті қарсыласына беріп жіберді. Соңғы уақытта мұндай әділетсіздіктер жиілеп кетті. Сон­­дықтан ХОК боксты Олимпиададан алып тастау керек. Сонда ғана бокс пара­қор­лардан тазаланып қалар еді», дейді ол.

Әуесқой бокстың басына қара бұлт бірінші рет үйіріліп тұрған жоқ. 1988 жылы Сеул Олимпиадасынан кейін маман­дар боксты қауіпті спорт ретінде танып, төртжылдық бәсекесінен шеттетуді ұсынды. Бұған Сеул рингтеріндегі нокаут­тардың жиілеп кеткендігі себеп болса керек. Осыдан бастап спортшыларға ар­найы бас киім тігіліп, қолғаптары да қалың­датылды. Дегенмен, уақыт өте келе бас киімдер қайта алынып тасталды. Ма­мандар бұл ретте халықтың боксқа деген қызығушылығының төмендеп кетуі­мен негіздеді. Сонымен қатар Сеул Олим­пиа­дасынан кейін әуесқой бокста бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді.

Әрине Жазғы Олимпия ойындарын бокссыз елестету өте қиын. Дегенмен, барлық мәселе 2018 жылдың 30 сәуірінде шешілмек. Дәл осы күн әуесқой бокс тарихында қаралы күн болуы мүмкін. Өйткені Халықаралық Олимпиада комитеті бокстың Олимпия ойындарында қалатыны я қалмайтыны туралы нақты шешімін айтатын болады.

 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу