Кэри ТАГАВА: Мен де көшпендімін, көшіп жүргенді жақсы көремін

13 ақпан күні Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскос, Эрик Робертс сынды Голливуд жұлдыздары Шығыс Қазақстан туралы деректі фильмге түсу үшін Өскеменге келген болатын. Әлемге әйгілі актерлер облыстың Марқакөл, Катонқарағай, Жидебай, Қоңыр әулие үңгірі, Ырғызбай мазары секілді табиғаты көркем жерлері мен киелі орындарын аралап, түсірілген фильм кейін әлемдік телеарналардан көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Бүгін 1980-1990 жылдары шыққан «Мортал Комбат», «Ақ жолбарыс», «Айдаһарлар айқасы» сынды фильмдерде басты рөлдерді сомдаған актер Кэри Тагавамен аз-кем сұхбаттасудың сәті түсті.

Егемен Қазақстан
15.02.2018 7640

- Шығыс Қазақстанға алғаш рет келіп отырсыз. Алған әсеріңіз қандай?

- Облыстарыңызға тұңғыш рет келіп отырғанымыз рас. Өңірлеріңізді әлі толық аралап үлгергеніміз жоқ. Дегенмен де Өскеменнің маңы мен қала ішіндегі көрікті жерлердің біразын тамашаладық. Шаһардағы екі бірдей музейге облыс әкімі Даниал Ахметов мырзаның өзі бастап апарып, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен таныстырып, ұлттық тағамдарыңыздан дәм таттырды. Алдағы күндері Шығыс Қазақстандағы киелі орындарға арнайы барып, деректі фильм түсіреміз. Әсерімізді содан кейін айта жатармыз.

- «Қазақстанның азаматтығын аламын» деп қалдыңыз бір сөзіңізде.

-Мен де қазақтар секілді көшпендімін. Көшіп жүргенді жақсы көремін. Сондықтан келешекте азаматтық алып жатсам таңғалмаңыздар.

- Біздің елімізде қай уақыттан бері білесіз?

-2002 жылдан бері білемін. Болашақта «Қазақфильммен» бірлесе жұмыс істеп, әлемдік деңгейдегі жобаны жүзеге асырсам ба деген ой бар. Өзімді Голливудтағы ерекше актерлердің бірімін деп есептеймін. Өйткені, мен американдық емеспін. Голливудта аз уақыт жұмыс істеген жоқпыз. Енді басқа кеңістікке шыққым келеді.

- Сонда Голливудтан шаршадыңыз ба?

- Мен Голливудтағы алға қойған мақсаттарыма жеттім. Әрине, Голливудтың менің өмірімдегі алар орны бөлек. Дегенмен де басқа жоспарлар көп. Әлемдік деңгейдегі. Тағы да қайталаймын, мен көшпенді жауынгермін. Көшпенділерге бір орында тұрақтап қалу жараспайды.

- Көптеген түркі халықтары, оның ішінде кәрістер де, жапондар да «біздің ата-бабаларымыз Алтайдан тараған, біз алтайлықпыз» деп жатады.

- Мен мұны жерлестерімнен бұрын ұғынғам. Әрине, олардың «біз алтайлықпыз» деуі, осыны мойындауы мені қуантады. Қазір Жапонияда бұрынғы жапон және бүгінгі жапон деген ұғым қалыптасты. Бүгінгі жапон бұрынғысын ұмытып заманауи жапон болуға тырысады. Бұл – үлкен мәселе. Оның бір себебі атом бомбасының зардаптарына байланысты деп ойлаймын.

- Атом бомбасы тақырыбының біздің елге де қатысы барын білетін боларсыз...

 -Иә, одан хабарым бар. Бұл ретте Сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Қазақстан КСРО құрамында болған кезде жапон қалалары секілді атом зардабын аз тартқан жоқ. Бауырлас, тағдырлас ел екенімізді жақсы білемін. Қазақ пен жапон халқы рухының мықтылығы арқасында атом аждаһасынан аман қалды. Қазақ халқын сол үшін де ерекше құрметтеймін. Қазақ – жауынгер, батыр халық. Мұны ұмытпаңыздар.  Балаларыңыз да ұмытпасын. Мен де өзімнің жапон замандастарыма жауынгерлік рухты жоғары ұстау керектігін әрдайым айтып жүремін. Біз батысқа еліктемеуіміз керек. Біз үшін, Шығыс халықтары үшін адамдарды құрметтеу мен сыйластық бірінші орында. Құрмет деген бас ию емес, ол -қонақжайлық, мейірбандық. Батыста солдаттың энергиясы бар. Олардың ойлайтыны – атақ пен ақша. Тек бизнес. Шығыс жауынгерлік рух бар. Мейірім бар. Біз ешқашанда ақшаны алға қоймаймыз. Біздің серігіміз – ат, біз күш-қуатты дархан даладан аламыз. Мәселен, далада қырық градус аяз болса ақша көмектесе ме? Атақ жәрдемдесе ме? Жоқ, бізге тек тәңір ғана көмектеседі.

- Кеше Сізге облыс әкімі Д.Ахметов Абайдың үш тілде басылған кітабын тарту етті. Абай жайында бұған дейін білуші ме едіңіз?

-  Бірінші рет естідім. Енді Абайды оқитын боламын. Осы бір-екі күн ішінде Сіздердің тарихтарыңыздың тамыры тереңде жатқанын, мәдениеттеріңіз бен салт-дәстүрлеріңіз өте бай екенін байқадым.

- Шығыс Қазақстан туралы деректі фильм түсірмексіздер? Облыстың туристік әлеуетін қалай бағалайсыз?

- Лас-Вегас пен Сан-Франсиско қалаларын мысал ретінде айтайын. Бұл шаһарларда туризм мықты дамыған. Бірақ адамгершілік төмен. Сіздерге айтар тілегім, табиғатты ақшаға айырбастамасаңыздар деймін. Сөз жоқ, тамаша табиғатты көрсету керек, туристерді шақыру керек, бірақ көздің қарашығындай сақтай білу керек.

- Арнольд Шварценеггер, Жан-Клод Ван Дамм секілді замандастарыңызбен араласып тұрасыз ба?

-Жоқ. Мен актерлерді ұнатпаймын. Олардың атағында шатағым жоқ. Маған шынайы адамдар ұнайды. Атақты болу маңызды емес, адамдарға көмектесу маңызды.

- Қазақстан десе көз алдыңызға не елестейді? Бүгінде біздің елімізді әлемге кімдер танытып жүр?

- GGG (күліп). Геннадийді жақсы білеміз. «Ұлытау» тобының күйлерін жақсы көремін. Жүрегіме, жаныма жақын. Жауынгерлік рух бар олардың күйлерінде. Сөз соңында айтайын дегенім, сіздер қазақ болып туғандарыңызға мақтаныңыздар. Бірақ өзімізді басқалардан жоғары қоймайық. Бәсекеге келгенде ешкімді алдымызға салмайық.

- Әңгімеңізге алғыс білдіреміз.

 

Сұхбаттасқан Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

 Суреттерді түсірген Мерей ҚАЙНАРОВ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2018

Маңғыстауда мемлекеттік органдардағы кадр қызметінің сапасы қандай?

19.08.2018

Азиада-2018: Дмитрий Алексанин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

19.08.2018

Өскеменде Құрбан айтта 300 адамға ет таратылады

19.08.2018

Австралияда орман өртенді

19.08.2018

Головкин - «Канело» рематчын британ телевидениесі көрсетеді

19.08.2018

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

19.08.2018

Экс-депутат жас мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды

19.08.2018

«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесіне өтініштерді қабылдау басталды

19.08.2018

Маңғыстаулық құрылысшылар төл мерекесін атап өтті

19.08.2018

Барлық жағдай жасалатын солтүстік аймаққа көбірек келіңіздер – Мемлекет басшысы

19.08.2018

Теміржолда сыбайлас жемқорлықты болдырмау жайы айтылды

19.08.2018

Астанада жол ақыны SMS арқылы төлеуге болады

19.08.2018

Зерендіде жастардың жазғы білім лагерінің екінші маусымы жұмысын жалғастыруда

19.08.2018

Азиада-2018: Бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады

19.08.2018

Елордада автобус жүргізушілері 400 мың теңгеге дейін жалақы алуы мүмкін

19.08.2018

Жакартада жанған жұлдыз

19.08.2018

Ауа райы болжамы: Ақмола облысы мен Астана аумағында дауыл тұрады

18.08.2018

Жакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу