Қазақстан • 15 Ақпан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады

Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшыларының алдағы кездесулері қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісінде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.