Қазақстан • 15 Ақпан, 2018

Жетісуда туризмді дамытуға жол ашылады

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы әкімдігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Алматы Тау» туристік кластерінің қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жетісуда туризмді дамытуға жол ашылады

Арнайы жиында облыс басшысы Амандық Баталов Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторлар тартуға, соның ішінде туризм саласын дамытуға өңірде ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы өндірістегі шағын және орта бизнестің үлесі  43 пайызға жетті. Биылғы жылы облыс бойынша шағын және орта бизнестің 100 нысанын ашқалы отырмыз. Олардың ішінде тек шағын кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету, яғни туристік нысандар да бар. Мәселен, биылғы жылы өңірде 25 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделсе, соның 12 мыңы шағын және орта бизнестің үлесінде болады, - деді А. Баталов.

Кездесуде сөз алған «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев туристерге көрсетілетін қызмет пен ұсыналатын тауарлар кешенін қалыптастыру мен ілгерілету, инвесторлар тарту, туристік бизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелері жөнінде ынтымақтастық орнатудың маңызы зор екенін атап өтті.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.