Парламент • 16 Ақпан, 2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы кездерде елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың кесірінен адам өлімі болғаны туралы деректер жиілеп кетті. Ақтөбеде өртеніп кеткен автобуста 52 адамның қаза болуы, мас жүргізушілердің кінәсінен болған жол апаттары, эпилепсиямен ауыратын адамның автокөлiкті жүргізуі себептерінен болған жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер үлкен қоғамда алаңдаушылық туғызды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.


Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті құзыретті органдар басшылығымен жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты заңнаманы жетілдіру жөнінде кездесу  өткізді.

Кеңесті аша отырып, комитет төрағасы Георгий Ким жол қозғалысы қауіпсіздігі жағдайы бойынша Еуропалық баяндамасына сәйкес, 50 елдің ішінде Қазақстан жол-көлік оқиғаларынан жарақаттану, адам өлімі бойынша бірінші орында екендігін атап көрсетті. Сондықтан, апат себептерін анықтау және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жолымен олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бойынша: санитарлық авиация қызметін дамыту, жылжымалы медициналық кешендер құру, кездейсоқ,  жол-көлік оқиғаларында оның ішінде, жарақаттар мен авариялар кезінде дәрігерлік кешенді көмектің моделін жасау атап өтілді.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өз сөзінде елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды.