Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

Терроризм мен экстремизмге қарсы мемлекеттер тек қана бірлесіп күресе алады. CCTV телеарнасына сұхбат берген Қазақстан Президенті Назарбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Егемен Қазақстан
17.02.2018 2600
2

CCTV телеарнасының тілшісі Мемлекет басшысына сұхбатында 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстан тұңғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болғанын атап өтті.

«Қазақстанның төрағалық етуі Сіздің халықаралық деңгейдегі абыройыңыз бен Қазақстан дипломатиясы жетістігінің арқасы екені сөзсіз. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан қай бағытқа басымдық бергелі отыр?» - деп сұрады телеарна тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев жауабын Тәуелсіздік алғанына бар-жоғы 26 жыл толып отырғанына қарамастан, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақты емес мүшесі ретінде сайлану құрметіне ие болып отырғанынан бастады.

«Өткен аптада мен Нью-Йоркта болып, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына төрағалық еттім. Біз ядролық қарусыздандыру мен мемлекеттер арасындағы сенім тақырыбында дискуссия өткіздік. Біршама жаңа шаралар ұйымдастырдық. Біздің мақсат пен міндет - Орталық Азия аймағындағы бейбітшілік пен тыныштық үшін жұмыс жүргізу, Ауғанстанда тыныштық орнамай тұрғандықтан, ұжымдық тұрғыда Ауғанстанға альтернативті өндіріс құру жолында қалай көместесуге болатынын шешіп, жағдайды тұрақтандыру. Себебі, ол біздің көршіміз», - деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Ауғанстан арқылы Пәкістанға, Үндістанға шыға алады.

«Алайда ішкі қауіпсіздіктегі (Ауғанстанда - авт.) әлсіздік мұнай-газ құбырлары мен автокөлік жолдарының өтуін қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан, Ауғанстанның ішінде тұрақтылық орнатуда біздің мүддеміз ортақ. Біз осы бағытта жұмыс жүргіздік», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қазіргі таңда осы жұмысты атқарып отырғанын мақтан тұтатынын айтты.

«Ол өте жоғары бағаланып жатыр. Қазақстанның бастамасымен БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің өкілдері Кабулға барып, ел ішіндегі жағдайды зерделеп қайтты. Өкінішке қарай, соңғы жылдары әлсіреп қалған мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бағытында өте маңызды. Онымен тек қана бірлесе күресуге болады. Әрбір мемлекет жеке-жеке күресе алмайды. Терроризм - қай жерде болмасын бас көтеретін зұлымдық. Оның майданында ешқандай шектеу жоқ. Қашан және қай жерде бұрқ ете түсетінін білмейсің... Сондықтан, мемлекеттердің арнайы қызметтерінің байланысы өте маңызды. Міне, осы бағытта біз жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

19.01.2019

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

19.01.2019

Балалар Евровидение — 2019 байқауы Краков қаласында өтеді

19.01.2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу