Қазақстан • 17 Ақпан, 2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 17 ақпан күні Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік-шығыс бөлігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының түнде кей аумақтарында жаяу бұрқасын болжанады. Ақмола, түнде Қостанай облыстарының жекелеген жерлерін тұман басып, жаяу бұрқасын жүреді.

Маңғыстау облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.