Әлем • 18 Ақпан, 2018

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эфиопияда саяси дағдарысқа байланысты премьер-министр Хайлемариам Десален қызметінен кетіп, елде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Эфиопияда төтенше жағдай жарияланды

Шешімді билік басындағы «Эфиопия халқының революциялық-демократиялық майдан» одағы жариялады. Әзірге оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Ал саяси дағдарысқа қаңтар айынан бері түрмедегі саяси тұтқындарды азат етуді талап еткен ереуілдер мен шерулер себеп болды. Жыл басынан бері 6 мың адам бостандыққа жіберілді. Ал жалпы үкіметке қарсы толқулар 2015 жылдан бері жалғасып келеді. Оған биліктің ел астанасы Аддис-Абеба аумағын оромо шаруалары жерінің есебінен ұлғайту жоспары түрткі болды. Кейін наразылыққа амхара тайпасының өкілдері қосылды.

«Премьер-министрдің кей мәселелерді өзгертуге мүмкіндігі болды. Бірақ билеуші партияның ықпалы күшті болып, соған тәуелді еді. Сондықтан оның отставкасы дұрыс шешім деп ойлаймын», - дейді саяси сарапшы Халлелуя Лулие.