Әлем • 18 Ақпан, 2018

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбі күні Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Иранда 60 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Әуе апаты Исфахан провинциясында болды. Лайнер Тегераннан Ясуджге бет алып келе жатқан. Хабарланғандай, Aseman Airlines компаниясына тиесілі әуе кемесі Семир елді мекеніне жақын жерде құлаған. Ұшақ бортында 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ажал құшты.

Ұшақ құлаған жерге жіберілген тікұшақ ауа райының қолайсыздығынан қона алмауда, жедел жәрдем қызметі апат орнына жетті. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, әуе кемесінің экипажы ұшақты апатты жағдайда Исфахан провинциясындағы фермалардың маңына қондырмақ болған.

Иранда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болған жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті. «Алдын ала мәлімет бойынша, Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары болған жоқ», - деді Ә.Жайнақов.

Соңғы жаңалықтар