Көшбасшылық феномені

Оңтүстік Қазақстанда өткен іс-шаралар елдің дамуы мен қалыптасуындағы Елбасының рөліне арналды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тәуелсіз еліміздің қалыптасуындағы ше­шуші рөлін жан-жақты көрсету мақ­­сатындағы іс-шаралар Оңтүстік Қазақ­стан облыстық тарихи-өлкетану мұра­жайында ашылған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі кешен көрмесінен бас­талды.   

Егемен Қазақстан
19.02.2018 1572
2

Көрмеге Елбасы кі­тап­ханасынан, мұрағат қорларынан алынған 800-ге тарта жәдігер қойылған. Олар­дың қатарында Елбасының жоғары мем­лекеттік марапаттары, мемлекет басшылары мен отандық авторлардың қолтаңбасы бар кітаптар, сондай-ақ Мемлекет бас­шысының шетел тілдеріндегі еңбектері бар. Жәдігерлер төрт бөлімге жинақталған. «Көшбасшы жолы» деп аталатын алғаш­қы бөлім Елбасының өмір жолына ар­нал­ған. Одан кейінгі «Көшбасшы фено­мені» бөлімінде Президенттің сая­си бейнесі Семей ядролық полигонын жабу, Астананы ауыстыру секілді тарихи шешімдер арқылы суреттеледі. Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы-Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Мах­мұт Қасымбеков ел тарихындағы Елба­сының жаһандық қызметіне, еліміздің халық­аралық беделінің қалыптасуы мен нығаюындағы тұлғалық тарихи рөліне тоқталды. «Алғашқы рет мұндай көрме өткен жыл­дың аяғында тәуелсіздігіміздің тал бесігі, Отанымыздың екінші астанасы – Алматыда өткізілген болатын. Екі айдың ішінде 70 мыңнан астам алма­тылықтар тамашалаған көрме бүгін шырайлы Шымкент қаласында ашы­лып отыр. Әрине бұл кездейсоқ емес. Себебі Оңтүстік Қазақстанның еліміз­дің әлеуметтік және экономикалық да­муын­дағы рөлі аса зор. Екіншіден, бұл өңір – халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің кеніші, ана тіліміз бен ұлт­тық құндылықтарымыздың қаймағы бұзылмаған ордасы. Шымкент баршамыз үшін әрі ыстық, әрі жүректерімізге жақын. Көрменің аясында киелі Түркістан қаласында және облыстың бірнеше оқу орындарында кездесулер, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылатын болады. Ол шаралар облыстың мәдени және рухани өмірінде елеулі оқиға болады деп үміттенеміз», деді Махмұт Қасымбеков.

Оңтүстік өңірінде өз жұмысын бас­таған көшпелі көрме жобасының маңыз­дылығын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев та атап өтті. «Көрмеден алар тағылым мол. Мемлекет басшысы ел тарихындағы шешуші кезеңдерді, еркіндік пен тәуел­сіздікті аңсаған халқының арманын орын­дады, жүзеге асырды. Қысқа мерзім ішінде еліміз жүздеген жылдарға татитын ғажайып даму кезеңін артқа тастады. Еліміз әлеуметтік-экономикалық тұрғыда айрықша өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты жақсарды. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында еліміз достық пен келісімнің мекеніне айналып, әлем елдеріне үлгі болды. Тәуелсіздік және Елбасы ажырамас ұғымдарға айналды. Елбасымыздың өмірі мен қызметінің тарихын, тәуелсіз Қазақстанның қа­лып­­тасуы мен дамуындағы ерен еңбе­гін, еге­менді еліміздің қол жеткіз­ген жетістіктері мен әлемдік қоғамдас­тық мойындаған табыстарын айшықтай­тын бұл көрмені оңтүстік жұртшы­лығы мақтан тұтып, жоғары бағалай­ты­нына сенімдімін», деді Ж.Түймебаев.

Сондай-ақ көрменің ашы­лу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшы­сы Қуатжан Уәлиев Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасында айтылған кітапхана жоба­сының маңыздылығына тоқталды.

Көрменің алғашқы көрермендері қор жинақтарындағы құжаттармен, Елба­сымызға берілген 50-ден аса шетел мемлекеттерінің жоғары марапаттарымен, сондай-ақ қару топтамасының жәді­герлерімен, қолтаңба жазылған сый кітаптармен танысты. Айта кетелік, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылатын жоба аясында мектеп оқытушыларына, кітапхана, архив, музей қызметкерлеріне арналған «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессия, шолу және тақырыптық экскурсиялар іспетті бірқатар іс-шаралар өтті. «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесі мамыр айына дейін жалғасады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік пе­­да­гогикалық университетінде де жақ­­сы іс жалғасын тапты. Мәртебелі қонақ­тар университеттегі Н.Назарбаев ор­талығында болып, оның бүгінгі жұмысы мен болашақтағы жоспары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар университеттің спорт кешендерінде болып, 12 қабаттық Сту­денттер үйіндегі студенттердің тұр­мысымен, «Қосымша мамандық» ор­талығындағы 14 студенттік үйірменің жұмысымен танысты.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Н.Назарбаев феномені: саяси ұстанымдар мен бастамалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

АҚШ, Ресей, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен келген сарапшылар мен талдаушылар, ғалымдар, шетел­дік және отандық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен сту­денттері, БАҚ өкілдері қатысқан кон­фе­ренция барысында «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығының тұсауы кесілді. Ғылыми-әдістемелік орталықта студенттің ізденісін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында барлық жағдай жасалған. Әрбір ізденушінің қажетті мағлұматтарды оңай тауып, бі­лімін жетілдіре түсуіне мүмкіндіктер заманауи тұрғыда қаралған. Ғылыми-тәжірибелік конферен­ция да жергілікті жастардың шете­лдік замандастарының көзқара­сын, Елбасы еңбегіне қатысты пікір­лерін білуге мүмкіндік берді. Алдын ала айта кетелік, конференцияда АҚШ-тың Кентукки штатынан келген «Studens without borders» жастар ұйымының өкілі Бернет Джордж Травис, Еуразиялық комиссияның ынты­мақтастық жөніндегі клубының жетек­шісі, Бейбітшілікті дамыту Еуразия­лық зерттеу институтының құрыл­­тай­шысы, ресейлік Марат Шафи­гул­лин, Тәжікстан тау-кен, металлур­гия институтының 5 курс студенті Бо­ки­зодо Домулло, Қырғыз Респуб­ликасы Жастар бастамаларын қол­дау қоры – YAF координаторы Лира Момуналиева сынды жастар Ел­басы Н.Назарбаевтың саяси еңбек­тері мен әлемдік деңгейдегі баян­ды бастамалары, бағдарламалық мақала­ларының қоғам өміріне әсері жөніндегі ой-пікірлерін ор­таға салды.

Ғылыми-тәжірибелік конферен­цияның ашылуында Оңтүстік Қазақ­стан облысының әкімі, филология ғы­лымдарының докторы, профессор Жан­сейіт Түймебаевтың құт­тық­тау хатын облыс әкімінің орын­ба­сары Ұласбек Сәдібеков оқып бер­ді. Сондай-ақ М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, тех­ника ғылым­дарының докторы, профессор Жұ­махан Мырхалықов Елбасы еңбектері­нің қоғам, оның ішінде жастар өмі­рінде алатын орны мен мән-маңы­зына тоқталып, оқу үдерісіне енгізі­ліп жатқан жаңашылдықтар жөнін­де айтып өтті. Не­гізгі баяндаманы жасаған Елбасы кітап­ханасы дирек­торының орынбасары, саяси ғылым­дар докторы, профессор Әмір­хан Рахымжанов өз сөзінде тәуел­­сіз Қазақстанның қалып­тасуын­дағы Елбасы Н.Назарбаев­тың жаһандық рөліне тоқталды. «Тәуелсіз Қазақстанның дамуы және қалыптасуының жаңа тарихын­да Президенттің саяси көшбасшы­лы­ғының мәні мен рөлі сөзсіз маңызды екені бел­гілі. Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаевтың саяси ба­тылдығы, страте­гиялық дарыны, көздеген мақсатқа же­тудегі табанды­лығы мен өзіне деген се­нім­ділігі – бүгінде әлем қоғамдастығы мойын­даған то­лағай табыстарымыз бен Қа­зақ­­стан­ның тәуелсіз мемлекет ретін­дегі қалыптасуының негізіне айналды.

«Назарбаевтың саяси көшбасшылығы» және «Назарбаев феномені» ұғымдары сая­саткер, сарапшы, саясаттану ғалым­дары мен публицистердің сөздік қорына тұрақталып, басты назардағы зерттеу нысандарының біріне айналып отыр. Н.Назарбаевтың көшбасшылық фено­мені зерттеушілердің саяси көшбас­шылықтың белгілі үш моделінің негі­зінде түсіндіріледі, олар – тұлғалық бол­мысы, лидерлік стилі, өзгермелі тари­хи жағдаяттар. Міне, сондықтан «Назарбаев феноменін» ең алдымен, Елбасының болашаққа бағытталған сая­­си стилі, қоғаммен қарым-қатынас және стратегиялық басымдықтары ар­қы­лы қарастыру қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық же­тіс­тіктері мен халықаралық арена­дағы тең­дессіз биік беделіне жеке қасиет­тері, соның ішінде өзіндік ұстаны­мы­на беріктігі, көзқарастарының нақ­ты­лығы, кедергі мен қиындықтарға төтеп беріп, алған бетінен қайтпай, бас­таған ісін соңына дейін жеткізетін табан­дылығы себепші болған. Нұрсұлтан Назарбаевқа тән барлық қасиеттер ең жо­ғары халықаралық деңгейдегі мемлекет қайраткеріне лайықты мықты көшбасшылық бастаманы таныту болып табылады», деді Әмірхан Мұратбекұлы. Конференция соңында баяндамалар талқыланып, жастарға берері мол осындай игі істердің басқа да оқу орындарында өткізілуі тиіс екендігі айтылды. Сондай-ақ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қонақтары жаңартылған, заманауи оқу залында студенттермен кездесті.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.12.2018

Қарағандылықтар «ҚазРобоСпорт» чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды

10.12.2018

Ежелгі металлургия іздерін Тарбағатай даласынан көруге болады

10.12.2018

Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді

10.12.2018

Д.Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия жөніндегі Аймақтық директорын қабылдады

10.12.2018

Солтүстікқазақстандық екі кәсіпкер «Жомарт жүрек» байқауының жеңімпазы болды

10.12.2018

«Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» республикалық ғылыми-теориялық online конференция өтті

10.12.2018

Халықаралық Олимпиада комитеті Алла Важенина, Анна Нұрмұхамбетова және Ольга Рыпаковаға медальдары қайтарады

10.12.2018

Павлодарда «Лайықты еңбек – мемлекеттің тұрақтылық негізі» форумы өтті

10.12.2018

Атыраулық дзюдошылар Конфедерация Кубогінің иегері атанды

10.12.2018

Облыста озық шыққан аудандар марапатталды

10.12.2018

Александр Журавский Мұхаммед Рабииден жеңілді

10.12.2018

Дархан Қыдырәлі The Asahi Shimbun басылымына сұхбат берді 

10.12.2018

Қызылордада жер телімдері аукционға шығарылды

10.12.2018

Қызылорда облысының әкімі мүмкіндігі шектеулі жандар автокөлік сыйлады

10.12.2018

Қостанайда табиғат қорғау полицейлері киік атқан қаскөйді ұстады

10.12.2018

Сығанақ қалашығы туризмге қызмет етеді

10.12.2018

Қыздар университеті робот құрастыратын стартап жобалар жасайды

10.12.2018

«Қайраттың» екі футболшысы - әлемнің үздік ойыншысы номинациясына үміткер

10.12.2018

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатысады

10.12.2018

Алматыда жас дзюдошылардың турнирі өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

Дидар Амантай,

Túsiniktiń kúıreýi

Sońǵy jyldary, sandyq tehnologıalyq ónimderdiń (iPhone, Red One, digital camera, information technology) alǵashqy nusqalary (computer, printer, scaner, copier), shyqqanyna tabany kúrekteı jarty ǵasyrǵa jýyq ýaqyt, jeteqabyl mezgil ótkende, ozyq qoǵamdarda, qala berdi, damýshy elderde, tipti, jalpy adamzattyq mádenı-rýhanı keńistikterde iri-iri qomaqty ózgerister júrdi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу