Қазақстан • 19 Ақпан, 2018

Қазақ – қашанда қазақ! (19.02.2018)

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ! (19.02.2018)

Қазағым балалы үйді базар дейді,

Асық пен доп ойнаған тозар дейді.

Бәрін айт та, бірін айт, бәрінен де

Қой бағып, көтен жеген озар дейді.

 

Асық та, баламызда доп та болсын,

Қойлы ауыл берекемен бек көгерсін.

Әрқашан баласымен базарлы елім,

Қызығын ұл-қызыңның көп көрерсің!..

 

Қорғанбек АМАНЖОЛ,

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»