Аймақтар • 19 Ақпан, 2018

Ғасыр жасаған Еңбек Ері – Мәрзия Ибрагимова

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Социалистік Еңбек Ері Мәрзия Ибрагимова жүз жасқа толып отыр. 

Ғасыр жасаған Еңбек Ері – Мәрзия Ибрагимова

1918 жылы дүние есігін ашып, 1948 жылы небәрі отыз жасында қант қызылшасынан рекордты өнім алып Еңбек Ері атанған кейуананың өмір жолы өнегеге толы. Балалық, жастық шағы ашаршылық, қуғын-сүргін, соғыс зұлматтарына тап келсе де Мәрзия Ибрагимова өзінің бір ғасырлық белесіне абыроймен аяқ басты. Екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немере-шөбере сүйіп отырған бақытты әже.

Даңқты жерлесімізді ғасыр тойымен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов үйіне арнайы құттықтап барып, сый-сияпат көрсетті. Әкім қарт диқанның еңбектегі ерлігін, өнегелі өмірін әрбір қазақ баласы өзіне үлгі тұтатынын жеткізді. Аңыз адам арнайы құттықтап келген әкімге ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Әрдайым еліміздің тыныштығына, бірлігі мен татулығына шүкіршілік ететінін жеткізді.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы