Президент • 19 Ақпан, 2018

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.