Қазақстан • 19 Ақпан, 2018

Астана қаласы әкімінің халықпен дәстүрлі есептік кездесуі өтеді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылдың 28 ақпанында сағат 10:00-де «Астана» концерт залында (бұрынғы Конгресс-холл) қала әкімі Әсет Исекешевтің елорда халқы алдындағы дәстүрлі есептік кездесуі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қаласы әкімінің халықпен дәстүрлі есептік кездесуі өтеді

Шара Астана қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында онлайн-режимде көрсетілетін болады. Есептік кездесу барысында әлеуметтік желінің пайдаланушылары да әкімге өз сұрақтарын қоя алады.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қ.Мұңайтпасов к-сі, 5) мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (Жеңіс д-лы, 62) ғимараттарында есептік кездесуден тікелей трансляция ұйымдастырылатын болады. Мұндағы азаматтар тікелей қосылу арқылы әкімге өз сұрақтарын қоя алады. 

Бұдан бөлек, «Астана» концерт залының фойесінде қала әкімінің орынбасарлары, басқарма және елорда қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдап, оларға қажетті кеңес беретін болады. Хатшылар алқасы сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін жұмыс істейді.