Аймақтар • 20 Ақпан, 2018

Өскеменде жас­тар арасында коньки тебуден сайыс өтті

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында Өскемендегі «Алтай» стадионындағы мұзайдында жас­тар арасында коньки тебуден сайыс ұйымдастырылған-ды. 

Өскеменде жас­тар арасында коньки тебуден сайыс өтті

Сол жарыста өзінен жа­сы әл­деқайда үлкен студент­термен бір­ге ойынға қаты­сып, тіпті кей сәт­­терде олардың алдын орап кет­кен қа­зақтың қаршадай бала­сы на­зарымызды еріксіз аудар­ды. Сөйлесейік деп қа­сына барға­ны­мызда сол жақ көзінің асты көгеріп кет­кенін аңғардық. Бірақ оны елең қылған ол жоқ. Бар ойы – мұзайдында. Қатар­лас­та­рымен хоккей ойнағысы кеп кер­медегі тұл­пардай тыпыршиды. Асығып тұрғанын сез­сек те бір-екі сұрақ қойып, әң­гі­меге тарттық.

– Аты-жөнің кім? Қайда оқисың?

– Елдос Кәденов. №20 мектепте, 3-сыныпта оқимын.

– Хоккейге қатысқаныңа қанша жыл болды?

– Екі жыл ғой деймін.

– Қайда ойнайсың?

– «Торпедо» командасында.

– Онда өзің секілді қазақ балалары бар ма?

– Бар. Бірақ аздау.

– Кімге еліктейсің? Тал­ғат Жай­лауовты тани­сың ба?

– Әрине, білемін. Сол кісі секілді хоккейші бол­ғым келеді.

– Болашақта қандай командада ойнағың келеді? «Барыста» ойнағың келмей ме?

– Келеді.

– Канадада, Америкада ой­нағың келмей ме? (Бұл сұ­рақ­ты әдейі қойдық. Не айтаты­нын тексерейік деп – А.Қ).

– Жоқ. Қазақстанда ойнаймын.           

– Көзіңе не болған? Бі­реу соққан ба?

– Жоқ. Хоккей ойнап жүр­генде таяқ тиіп кетті.

Осылай деді де келесі сұра­ғы­мызды қойғызып үлгерт­пей мұз­­ай­дынға қой­ды да кетті. Қалған сұрақты мұзайдын шетінде ұлының ойынына қарап тұрған Нұр­жан Кәденовке қоюға тура келді. Бірақ ол кісі көп сөй­лемейді екен. «Әуелі ұлыма бір жыл бойы коньки тебуді үйреттім. Хоккейге 6 жасынан бері қатысып келеді. 2008 жылы туған балалар­мен бірге «Торпедо» коман­да­сында 4 бестіктің 2-ші бес­тігінде шабуылда ойнайды. Қазақстан чемпионат­тарына қатысып жүр», деп қысқа қайырды.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН