Президент • 20 Ақпан, 2018

Елбасы мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановпен кездесті

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановпен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Елбасы мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановпен кездесті

Мемлекет басшысы кездесу барысында Жәнібек Кәрібжановтың Қазақстанды дамытуға және ел тәуелсіздігін нығайтуға ерекше үлес қосқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ж.Кәрібжановтың маңызды мемлекеттік лауазымды қызметтерде өзіне жүктелген барлық міндетті зор жауапкершілікпен атқарғанын айтты.