Қазақстан • 20 Ақпан, 2018

Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева елге оралды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы жұртшылығы Пхёнчандағы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған Юлия Галышеваны салтанатты түрде қарсы алды. 

Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева елге оралды

Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен арқалаған Отандасымызды құттықтауға Алматы әуежайына жиналғандардың сапында спорт жанкүйерлері, журналистер мен қала тұрғындары болды. Голышевадан бөлек Олимпиада ойындарына қатысқан Павел Колмаков, Денис Тен, фристайл могулдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары, сондай-ақ шаңғы акробатикасынан  ұлттық құрама мүшелері де елге оралды.

– Бұл мен үшін зор қуаныш. Жауапты сәтте маған тек командаластарым ғана емес, бүкіл елім қолдау көрсеткеніне қатты қуандым – деген Юлия Галышева Олимпиададан алған әсерімен бөлісті: «Оңтүстік Кореяға арнайы келіп, «Алға, Қазақстан» деп бізге жаңкүйер болған жандарға алғыс айтқым келеді, олардың қолдауы бізге көп көмектесті. Алған әсерім өте керемет, басқа жарыстарға қарағанда, бұл жарыстың артқан жауапкершілігі де, сыйлаған әсері де ерекше. Әрине,  алтын аламыз деп үміттенген едік, дегенмен үздік үштікке іліктік.  Мен үшін бұл қола медаль – алтынмен пара-пар» дейді ол.

Төрткүл дүние көз тіккен додада жүлдеге ие болу Юлия үшін оңай болмағаны анық. Олимпиада ойындарын көгілдір экраннан тамашалаған көзі қарақты көрермен жерлесіміздің  жарыс жолындағы қарсыластарының осал болмағанын  жақсы біледі. Ештеңеге қарамастан, бар мүмкіндігін пайдаланып ел қоржынына алғашқы әрі әзірге жалғыз медаль салған спортшы қызға барша Отандастарымыздың атынан алғыс білдіріп, толайым табыстар тілейміз.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар