Қазақстан • 21 Ақпан, 2018

Төрегелді Шарманов, академик: Заманауи өмірдің заңдылығы

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Елбасы латын әліпбиі­нің өзгертілген нұсқасын бекітті. Жаңа нұсқа қолданыста аса оң­тайлы болмақ. 

Төрегелді Шарманов, академик: Заманауи өмірдің заңдылығы

Тіл ғылымы ма­­ман­дарының үндеуіне сай таңбалардың ұлғаюына апара­тын апострофтар ыңғайлы тү­рі­­не ауыстырылды, диграфтар қо­сыл­ды. 

Жалпы, латын әліпбиіне көшу – заманымыздың заң­ды­лығы. Өркениет көшіне ілесу, ал­дыңғы қатарлы да­мыған 30 елдің қатарынан та­былу, экономикамыздың инно­вациялық өркендеуі, ғылым-бі­лім сала­сы­ның прог­рес­сив­ті дамуы, өс­келең ұрпа­ғы­мыз­дың жарқын бо­лашағы үшін бүгінгі таңда латын графикасын енгізу қоғамымыз үшін өмір­лік маңызды, үлкен істердің қатарында.

«Елу жылда – ел жаңа» дегендей, әліпбиіміздің жаңа өзгерісі қазіргі ұшқыр уақыт та­лабына сай болу үшін қа­жет. Себебі бүгінде әлем ха­лық­­тарының интеграциясы, жаппай көші-қон мәселелері аса белең алуда. Көбінесе, қазіргі заманда ғаламтордың дамуына сай әлемнің түкпір-түкпірінде тұрып-ақ адамдар бір-бірімен жедел байланысын қолдап отырады. Демек, ара қа­шық­тықтың қазір кедергісі жоқ, бүгінгі күн – рухани бай­ла­ныстың заманы. 
Өзім өмір бойы қызмет еткен медицина саласының мамандары туралы айтсақ, латын әліпбиі біз үшін бұрыннан етене таныс, күнделікті науқастарға рецептілерді дәрігерлер латын қарпімен жазады.

Сондықтан денсаулық сақшылары латын графикасына көшуді бірауыздан қолдайды. 
Бүгінгі таңда тәуелсіз мем­ле­кет ретінде латын гра­фика­сы негізіндегі жаңа қазақ әліп­биін қабылдауды еліміз­дің еге­мендігін, рухани ер­кін­ді­гімізді ай­қындайтын, эко­но­микалық өрісімізді кеңейтетін, әлем­дік ғылым-білімнің жетіс­тік­теріне оңтайлы жол ашатын, болашағымыз үшін аса маңызды, заманауи іс-шара ретінде танимын.