Білім • 22 Ақпан, 2018

«Болашақ» институтының директоры: Латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы, еліміздің латын графикасына көшуі тілді жаңғырту бо­йынша маңызды қадам деп есептейміз. Қадам қазақ тілінің әлемдік білім, ғылым және ақ­парат­тық кеңістікке бейім­делуіне жол ашады. Сондықтан Елба­сы­ның бұл шешімі стратегиялық тұрғыдан еліміздің болашағы үшін маңызды.

«Болашақ» институтының директоры: Латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы

Баршамызға мәлім, осы уа­қыт­қа дейін жаңа әліпбиімізге қатысты сан түрлі қоғамдық пікір қалыптасты. Ұсыныстар арасында болған диграф мәселесі талқыға түсті. Бұдан кейін бекітілген ла­тын әліпбиі бойынша апостроф мәселесі де оң және теріс пікір­лер туындатты. Нәтижесінде, Елба­­сының шешіміне сәйкес жаңа әліп­­биімізде апострофтар алынып, әріп үстіне қойылатын таңба­дан тұратын акут пен екі диграф енді.

Бұл өзгерістерде барлық ма­ман­дардың ұсыныстары ес­ке­­рілді деп ойлаймыз. Әсіресе ақ­па­рат­тық технологиялар саласы маман­дары­ның пікірлеріне сәйкес өзге­рісті ерекше атауымызға болады. Естеріңізде болса, сала мамандары апострофтар мәтін теруде және іздеу технологиясын пайдалануда қиындықтар туындататындығын айтқан еді.

Латын графикасындағы әліп­бидің жаңа нұсқасымен таныс­қаннан кейін де қоғамда әртүрлі пікірлер қалыптасып жатқандығы байқалады. Меніңше бұл нұсқасы бұрынғыға қарағанда қолайлы секілді. Дегенмен филология ғы­лым­дары саласының өкілі болма­ған­дықтан, біржақты айту да қиын­­ға соғатыны анық. Әрине ла­­­тын қарпімен компью­терде теру әзірге көп уақыт алады. IT са­­ла­­сының мамандары да перне­тақ­­таларды жаңа үлгіге сәй­кес бейім­деу­лері қажет. Мұ­ның бар­лы­ғы көз бен қолдың үйре­ніс­­пе­ген­дігінен деп ойлаймын. Уа­қыт өте келе оған да қалып­тасып ке­тетініміз анық.

Мұрат НАСИМОВ,
«Болашақ» ғылыми-зерттеу институтының директоры

Қызылорда