Қазақстан • 23 Ақпан, 2018

Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

 

Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті

Отырысқа Ке­ңестің мүшелері, сондай-ақ БҰҰ Босқындар істері жөнін­дегі Жо­ғары комиссары басқар­ма­сының (БҰҰ БЖКБ), Қазақстан Әділет министрлігі мен Қазақстан ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында БҰҰ БЖКБ халықаралық сарапшылары құжаттандырылмаған тұл­ғалардың құқықтарын қорғау тетігін жетілдіру мен азаматтығы жоқтық­ты азайту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Проблемаларды талдау құжат­тандырылмаған тұлғалардың өздерінің негізгі құқықтарын іске асыру кезінде тап болатын бір­қатар кедергілердің, соның ішінде медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қамтамасыз ету және т.б. мәселелердің кездесетінін көр­сетті.

Азаматтықты анықтау, тууды тіркеу және азаматтығы жоқ тұл­ғалардың балаларын құжат­тан­дыру мәселелері талқыланды.

Кеңес мүшелері сондай-ақ азаматтықты алу мен айырылу мәселелерін және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтарын рет­тей­тін қолданыстағы заң­нама­дағы кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарды жою бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді.

Атап айтқанда, Қазақстан ау­ма­ғында туған әрбір баланы аза­маттығы жоқтықтан қорғауды, сон­­­дай-ақ ата-анасының заңды мәр­­­тебесінен тәуелсіз, баланың туу­ын міндетті түрде тіркеу және туу ту­ралы куәлігін беру құқығын қам­­­та­масыз ететін заңнамалық нор­­ма­ларды қарастыру ұсынылып отыр.
Күн тәртібі шеңберінде, сон­дай-ақ Қазақстан Парламенті Мәжілісіне енгізілген «Діни қыз­мет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасы талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, Сараптамалық кеңестің мүшелері мүдделі мемлекеттік ор­гандардың атына жолданатын практикалық ұсынымдарын әзір­леді.