Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жалғасын тауып, қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

Егемен Қазақстан
23.02.2018 3916

«Достарым, сіздерді Сарайшық қаласының орнын сақтау және мұражайға айналдыру жұмыстары барысымен таныстырғым келіп отыр. Естеріңізге сала кетсем, қазіргі Атырау қаласынан 50 км қашықтықта, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан теңдесі жоқ көне қорық-мұражайды сақтау шараларын белсенді түрде қолға алғанбыз. Зерттеу және жүргізілетін жұмыс нысаны - өзен суы шайып жатқан қаланың мәдени қабаттары орналасқан Жайық өзенінің жағалауы» делінген хабарламада.

Министр келтірген мәліметке жүгінсек, жобалық-сметалық құжаттар 2015 жылы жасалып, одан кейінгі жылдары №3 археологиялық қазбаны сақтап қою және №5 қазбаның үстіне қалқан құру жұмыстары жүргізілген.

Ал 2016 жылдың аяғында мұнда қаланың мәдени қабаттары бар жағалауды су тасқынынан қорғау мақсатында дамба салу жұмыстары басталған.

2017 жылы Жайық өзенінің жағалары бекітіліп, Атырау облысында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймағы айқындалды, тарихи-мәдени мұра нысандарын іздестіру үшін дала экспедициялары ұйымдастырылды, Сарайшық қаласының айналасын қоршау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Сарайшық қаласындағы жұмыстар Атырау облысы әкімдігі бөлген қаржыға және облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың бастауымен жүргізілуде», - деп жазады Арыстанбек Мұхамедиұлы. Сондай-ақ, министр жұмысты орындаушылар ретінде Ресей федерациясынан, Астана, Алматы, Орал қалаларынан ғалымдар мен мамандар шақырылғанын атап өткен.

«Сарайшық ескерткіштерін ғылыми және қайта жаңғырту жұмыстары жалғаса береді, бұл - ашық аспан астында мұражай жасауға мүмкіндік туғызады. Биыл №5 қазбада сақтап қою жұмыстарын орындап, маңайын абаттандыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар бізге жеткен ескерткіштің тарихи бейнесін барынша сақтап қалуға бағытталған. Болашақта Сарайшық қазақстандық мемлекеттік және халықаралық туристік маршруттар жүйесіне қосылып, дамып келе жатқан туристік инфрақұрылымының ерекше торабы болатыны сөзсіз» деп жазылған хабарламада.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Семейде үйін су шайып кеткен отбасылар баспаналы болды

23.06.2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантеон орталығы бой көтерді

23.06.2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

22.06.2018

Шымкентте «Миграциялық ХҚО» ашылды

22.06.2018

Астраханьда Астананың 20-жылдығына арналған фотокөрме өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу